Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»БІЛІМ САЛАСЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН
Аймақ

БІЛІМ САЛАСЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН

13.10.2023

«Әкең өлсе де әкеңнің көзін көргендер өлмесін» деп дана халқымыз қалай дөп айтқан. Шынында, әкеңнің көзін көргендерді көргенде, әкең тіріліп келгендей сезімде болатының рас. Өйткені, олар әкең туралы жақсы әңгімелер, жақсы естеліктер айтып, өткенді еске салады. Осының өзі әкесі өмірден өткендерге үлкен күш-қуат беретіндей… Мырзахмет Сарманов қария әкем жайлы жақсы естеліктерін айтып отыратын…

Беу дүние-ай! Өмірлік тәжірибесінен сыр шертіп, жас ұрпақтың адал, жалқаулықтан алыс, жақсылыққа жақын болуларын тілеп, Отанын, елін, жерін сүйер азаматтар көп болса екен деген тілегін айтып, ақ батасын беріп отыратын өнегелі қария, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан ізгі жан туралы естелік жазып, іштегі шерді шығарғалы отырмыз.

Мырзахмет Сарманұлы жоғары оқу орнын бітірісімен, алғашқы еңбек жолын қаламыздағы Никитин (қазіргі Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектеп), Ғ.Мұратбаев атындағы мектептерде мұғалім қызметінен бастаған. Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте директор, қалалық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі, Макаренко атындағы орта мектепте директор қызметтерін абыроймен атқарған ұлағатты ұстаз. Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектептің іргетасы қаланғаннан бастап, сол мектепті 20 жылдан астам уақыт басқарып, құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан.

ҚР «Еңбек сіңірген қызметкері», ҚР «Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл», ҚР «Еңбек ардагері» медальдарының иегері, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Мырзахмет Сарманұлын түркістандықтар киелі қаламыздың ақылгөй қарияларының бірі, парасат пайымы мол елағасы, ардагер ұстаз ретінде құрмет тұтты.

Қарашаңырақ «Түркістан» басылымының көп жылғы оқырманы ғана емес, ара-арасында телефон шалып, өзінің ой-пікірін айтып, бағыт-бағдар беріп отыратын Мырзахмет қария газет жанашыры болатын. Өнегелі қарияға жиі жолығып, ардагер ұстаз ретінде ой-пікірлерін алу мақсатында жиі сұхбаттасып, әңгімелестік.

Сондай сұхбаттың бірінде айтқан мына өнегелі сөзі жүрегімізде мәңгі сақталып қалды.

-Қазақ халқымыз қазiргi мамыражай заманды, күншуақты-тойымды бейбiт заманда өмiр сүрудi, яғни, осынау тәуелсiздiктi ғасырлар бойы армандап келдi. Бүгiнде Қазақ елiнiң Тәуелсiздiк алғанына 30 жыл толуда. Шүкiр, жақсымыз. Ата-бабалар тiлегi қабыл болып, Елбасымыз бен Мемлекет басшысының биiк парасат, сарабдал саясатының арқасында халқымыздың күнi жарық, ұйқысы тыныш.

Халқымызда «Тойсаң тоба қыл» деген нақыл сөз бар. Алланың көрсеткен жақсы күндерiне шүкiршiлiк етуiмiз керек. Алайда, «Бес саусақ бiрдей емес» дегендей, кейбiр атқамiнер азаматтарымыз бен жастарымыздың осы тойымдылыққа шүкiршiлiк етпей, рахат, бейбiтшiлiк заманды мiсе тұтпай, әртүрлi кереғар тiрлiктерге барып жатқаны қанағат етiп өмiр сүре алмауының әсерi деп ойлаймын.

Құдайға шүкiр елiмiзде өнегелi қариялар да, оларды тыңдайтын жастарымыз да бар. Бiрақ, осы бейбiт күнге шүкiршiлiк ете алмаған жастарымыздың тәртiпсiздiк жолға кетiп жатқандары менi ойландырады. Сонымен қатар, бiр-бiрiн көре алмаушылық, бiр-бiрiне тұсау салу, бiр-бiрiне қиянат жасаушылық көбейiп кеттi. Иә, қазiр нарық заманы, сауда, кәсiпкерлiк жасап дүние тап. Бiрақ, адамгершiлiк қасиеттi, имандылықты, қазақы ұлттық болмысты, татулық пен бiрлiктi, ынтымақты жоғалтпау керек. Ал, қазiргi уақытта осы қасиеттер азайып, төмендеп бара жатыр. Мiне, осыған байланысты үлкен көрегендiлiкпен Елбасымыз рухани жаңғыру жасап, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Рухани жаңғыру жан дүниенiң тазаруы. Жаңа бастамаларға қолдау көрсетiп, ескiнi бүгiнгi талаптарға сай жаңарту. Халық сана-сезiмiн жаңғырту арқылы үлкен бастамаларға бет бұрмақ. Мұның түпкi астарында жаманнан ада болып, жақсыға қарай ұмтылу деген терең философия жатыр.

Мұхаммед пайғамбардың бір өсиеті көршілермен тату болуға, бала-шағаңа қамқор болуға шақырады. Бұл өміріңді ұзартып, ырыс-берекеңді арттырады. Бұрын басшы болатын адам туралы көршісінен сұраған қандай болғанын білу үшін, кейін тоқтатып қойды. Осыны қолға алса құба-құп болар еді,-деп ақыл-кеңесін айта келе, ұсынысын да айтқан еді.

Қазыналы қария Құдай қосқан қосағы Гүлнар Төлегенқызы екеуі өмірге әкелген 4 ұл мен 6 қыздарынан тараған немерелері мен шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешті. «Атадан бота қалғанша, бата қалсын» дегендей, батасымен елін көгертіп, өнегелі сөзімен ұрпағына тәлім-тәрбие беріп жүрген қариялардың бірі әрі бірегейі болатын.

Өмірінің 50 жылын білім саласына арнаған, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Мырзахмет Сарманұлы 80 жастан асқан шағында өмірден озды.

Ғұмырының жартысынан астам уақытын мектепте өткізіп, қазақ баласының білімді әрі озық ойлы болуы үшін аянбай тер төккен ұлағатты ұстаздың елеулі еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі өнеге. Ендеше, ғибратты ғұмыр иесі Мырзахмет Сарманов көкеміздің өнегелі қызмет жолы, жасаған еңбегі мен жарқын бейнесі ел есінде мәңгі сақталады.

Л.САРЫБАЕВА

 

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.