Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ҰСТАЗҒА – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ!
Аймақ

ҰСТАЗҒА – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ!

14.10.2023

Адамның адам болып қалыптасуына ата-анамен қатар, ұстаздың да рөлі маңызды. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашағымыздың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді емес пе. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.   «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда өзіндік үлесін қосып жүрген ардақты ұстаздарымыздың бірі Түркістан қаласы, «Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Ханділлә Ділдәбекқызы. Жанат ұстазымыз 1971 жылдың 27 қазанында Түркістан қаласында дүниеге келген.  №9 Н.А.Некрасов атындағы орта мектепті аяқтағансоң, 1989-1994 жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, орыс тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығының үздік дипломын алған.

Өзінің еңбек  жолын 1994  жылдың тамыз айында Түркістан қаласы,  Абай атындағы орта мектебінде мамандығы бойынша жұмыс істеп, аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметін де атқарған. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап аталмыш мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жоғары білікті маман Жанат Ділдәбекқызы жеткен жетістіктері мемлекет тарапынан бағаланып, көптеген марапаттауларға ие болған білікті ұстаз. 2016-2022 жылдар аралығында облыстық «Білім үздігі», «Білім шыңы», «Кәсіподаққа қызметі сіңген қызметкер» деп аталатын төс белгілерге ие болған. 2018-2020 жылдарда республикалық «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының құрмет грамоталары, облыстық «Үздік мұғалімдер»кітабына ену, Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп өткізген І Республикалық  «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының І дәрежелі дипломдарын алған.

Жанат Ділдәбекқызы – инновациялық басқаруды меңгерген, ынтымақтасқан ортада бірлескен жұмысты істей алатын іскер басшы. Жұмыс барысында бойынан қайсарлық пен сезімталдық, өжеттілік пен кеңпейілдік айқын көрініп тұрады. Ұжымда, оқушылар арасында өзінің парасаттылығымен, білімділігімен беделге ие. Ұлағатты ұстаздық жолында әрбір шәкірттерінің жүрегіне жол табұға әріптестерін жетелей білетін көшбасшы ұстаз. Сонымен қатар, Жанат ұстаздың жолын қуған оқушылары бірнеше халықаралық, облыстық жарыстардың иегерлері, білім грантының иегерлері атанған. 2020 жылы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің алғыс хаты, қалалық семинарларда Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мақтау қағаздары, Түркістан облысының адами әлуетті дамыту басқармасының Құрмет грамотасы, Қазақсан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында білімді қамтамасыз ету Комитетінің алғыс хаттарымен мараматталған. Жанат Ділдәбекқызы ұстаздық жолында оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырып, оқушылардың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтуді басты мақсат тұтқан. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне әрдайым көмектесуге дайын.

Қорыта айтқанда, әр мұғалімнің алдындағы мұраты – өз ісін жетік біліп қана қоймай, әр оқушыны шығармашылық тұлғаға жетелеуі. Әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті болып табылады.

Ш.ҒАЙБУЛЛА.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Голосование байкеров на выборах в Курултай

23.08.2026

МОЛОДЕЖЬ ПРИНЯЛА УЧАСТИЕ ВО ФЛЕШМОБЕ «ВМЕСТЕ – В БУДУЩЕЕ»

23.08.2026

ЖАСТАР «БІРГЕ – БОЛАШАҚҚА» ФЛЕШМОБЫНА ҚАТЫСТЫ

23.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В СЕГОДНЯШНЕМ ГОЛОСОВАНИИ ЖИТЕЛИ ГОРОДА ПРОЯВИЛИ АКТИВНОСТЬ

23.08.2026

“БҮГІНГІ САЙЛАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ”⁣⁣

23.08.2026

Голосование IT-специалистов на Курултае в Шымкенте 2026: Инновации и Будущее Технологий

23.08.2026

«Достық пен бірліктің символы»: Шымкент тұрғындары сайлауға қазақтың ұлттық киімдерімен келді

23.08.2026

Шымкент тұрғындары дауыс беруге әуе шарымен ұшып келді!

23.08.2026

Голосование байкеров на выборах в Курултай

23.08.2026

ФУТБОЛИСТЫ «ОРДАБАСЫ» ПРИЗВАЛИ СПОРТСМЕНОВ И БОЛЕЛЬЩИКОВ ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В ВЫБОРАХ

23.08.2026

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

23.08.2026

Гвардейцы РгК «Оңтүстік» досрочно завершили голосование

23.08.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.