Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»«ОқыSay» кітапқұмарлар клубы салтанатты түрде ашылды
Аймақ

«ОқыSay» кітапқұмарлар клубы салтанатты түрде ашылды

19.10.2023
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
«ОқыSay» кітапқұмарлар клубы салтанатты түрде ашылды
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты қарасты №8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебінде кітапханашы Г.Жанайбекова мен педагог-ұйымдастырушы Н.Құдайбергенованың ұйымдастыруымен «ОқыSay» кітапқұмарлар клубы салтанатты түрде ашылды.
Аталған жиын шымылдығын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Мархабаеваға ашып, аталған білім ордасының кішкентай кітапқұмарларын салтанатты түрде клуб мүшелігіне қабылдады.
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Оқитын мектеп» мемлекеттік жобасы аясында жұмыс істей бастаған клуб мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді түрлі гаджеттерден арылтып, баспадан шыққан қағаз нұсқадағы кітаптарды жата-жастана оқуға құштар ету, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және өз заманының озық ойлы, білімді тұлғалардың ортасын қалыптастыру.
«ОқыSay» кітапқұмарлар клубы мектеп оқушыларына оқитын кітаптарына бағдар беріп, ай сайын кездесу ұйымдастырып оқыған, оқитын кітаптарына мектеп кітапханасында талқылау, оқушылардың қазақ, орыс тілдерінде жатық сөйлеп, өз ойларын ашық жеткізіп үйренуіне ықпал ету болып табылады. Қазақ, орыс әдебиетімен ғана емес әлемдік әдебиетінің классикалық шығармаларымен мектеп қабырғасында таныстыру да клубтың басты мақсаттарының бірі.
Жасөспірімдер арасында тәрбие бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, есірткіге бейімділік пен нашақорлықтың, лудомания, оларға ақпараттық-әдістемелік, құқықтық көмектер көрсету, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы», «Қызды қырық үйден тыю» атты тақырыптқа сай мәліметтер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні Абылайхан жалпы орта мектебінде кезекті жиын өтті.
Жиынға Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері, Жастар орталығының психологі, Мырзакент ауруханасының мамандары қатысты. Қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп санап, қыз тәрбиесіне, қыз ибасы, қыз әдебі деген мәселелерге жеңіл-желпі, немқұрайлы қарамаған. Осы ретте мамандар, оқушы қыздарға керекті кеңестер бере отырып, оларды келешекте қателіктерге жол бермеуге шақырады.
Терроризмге қарсы қорғауға бағытталған оқу-жаттығу ұйымдастырылды
Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде оқу-жаттығу өтті. Аталған іс-шараға мектеп-лицей оқушылары, педагогтер мен мектеп қызметкерлері және жергілікті құзырлы органдармен білесе, Полиция бөлімі, Төтенше жағдайлар бөлімі, Өрт қауіпсіздігі, Жедел жәрдем және «Іскер күзет» күзет агенттігінің мамандардың қатысуымен, техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау оқу-жаттығулары жан-жақты көрсетілді.
Жаттығуға 49 мұғалім, 32 кіші қызметкер, 293 оқушы қатысты. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Жүрсінов мектеп-лицей ұжымы мен оқушыларды өмірге қауіп төндіретін күдікті зат анықталған жағдайда іс-әрекет жасау алгоритмімен таныстырды. Сонымен бірге өрт, жер сілкінісі немесе техногенді сипаттағы авариялар кезіндегі жедел әрекет етіп, оқу-ғимаратынан шығып, өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Аталған білім ордасының басшысы Ж.Сапаров жаттығу барысында мектеп ұжымына, оқушыларға террористік акт қаупі кезіндегі іс-әрекеті бойынша жаднамалармен таныстырып, мектеп-лицейді эвакуация жасау жолдары тәжірибе екенін, сонымен қатар күдікті зат табылған кездегі, телефон арқылы лаңкестік қаупі төнген кезде, жарылыс қаупі туралы хабар алған кезде, лаңкестік қаупі жазба түрде түскен кезде, лаңкестер кепілге алған жағдайдағы іс-әрекеттер таныстырылып, терроризмнен қорғау, қауіптің алдын алу үшін мұндай оқу-жаттығулар тұрақты жүргізілетінін атап өтті.
Жылыту маусымына дайындық пысықталды
Түркістан облысы білім басқармасы басшысының төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Басқосуға басқармадағы жауапты бөлім басшылары мен (аудан/қаладағы) білім бөлімдерінің басшылары ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Күн тәртібінде жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Оның ішінде көмірмен жылытылатын қазандықтарды көгілдір отынға айналдыру, қатты отынның өңірдегі білім ошақтарына жеткізілуі бойынша жан-жақты мәселелер қамтылды.
Жиын соңында басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы тиісінше жауапты мамандарға тапсырмалар берді.
Еңбегі ерен ұстаздарды ақпараттық насихаттау қолға алынды
Алдағы Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаздар он күндігі» аясында Жетісай ауданы, №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі және директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Тургунбаев Алмас Баязитұлының еңбегін атап өтуді жөн көрдік.
Географиялық ойлаудың мәні мен жердің сәнін сипаттап қана қоймай, ғылыми болжам жасау бағытында шәкірт тәрбиелеген Алмас Баязитұлының оқушылары аудан, облыс көлемінде пән олимпиадаларының бірнеше рет жеңімпазы атанып, республика көлемінде ғылыми жұмыстар мен түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып келеді. Тәжірибелі ұстаздың ғылыми еңбектері республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдарда да жиі жарияланып тұрады.
Алмас Баязитұлы ұстаздықпен қатар, мектептің әкімшілік құрамында бейіндік оқыту бойынша жұмыстарға басшылық жасайды. Оқушы жастардың мектептен кейінгі өмірде қоғамға қажетті мамандықты таңдап, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда орны ерекше. Бұл бағытта ұлағатты ұстаз аудандық, облыстық семинарлар ұйымдастырып, өзінің тұжырымды ойлары мен әдіс-тәсілдерін әріптестерімен бөлісуде еш аянып қалған емес.
Отырарда оқушыларды психологиялық қолдау бойынша ақпараттық семинар өтті
Отырар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес Ә.Байтанаев негізгі білім беру мектебінде «2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесінде оқушыларды психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру сапасын арттыру» тақырыбында аудандық жалпы, негізгі, бастауыш мектептерінің педагог-психологтарының аудандық семинары өткізілді.
Семинардың мақсат-міндеті: жалпы, негізгі, бастауыш білім беретін мектептердегі педагог-психологтардың құжатын жүргізуде заңнамалар мен ережелерге сәйкестендіру. Психологтардың потенциалдық әлеуетін көтеру. Педагог-психологтардың әдіс алмасуын жетілдіру. Тәуекел топтағы балалармен жұмыс жүргізу, мектеп оқушыларын педагогикалық, психологиялық қолдау болып табылады. Аталған семинарға білім беру ұйымдарынан 39 педагог-психолог қатысты.
Ленгірде Мұғалима есімді мұғалім сабақ береді
Ленгір қаласындағы №2 арнайы мектеп-интернатта көп жылдан бері Мұғалима есімді тәрбиеші жұмыс істейді. Аты да, заты да ерекше Мұғалима Әбдіқадыровадан есімінің қойылу тарихы туралы сұрағанымызда:
— Кезінде апам мектеп буфетінде жұмыс істеді. Сол жылдары мектеп мұғалімдерімен араласып, сыйласты. Дүниеге келгенімде осы ұстаздардың құрметіне маған Мұғалима деген есім беріпті, — деді.
Мұғалима Нұрсәбитқызы туралы әріптестері жақсы пікір білдіруде. Солардың бірі — жоғарыда аталған мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанерке Бауыржанқызы:
«Мұғалима – тәрбиеленушілермен де, әріптестерімен де, ата-аналармен де жақсы тіл табыса білетін педагог. Бастысы, ол балаларды жақсы көреді. Олармен жұмыс жүргізу қолынан келеді. Екі жоғары білімі, 16 жылдық педагогикалық өтілі бар. Екінші мамандығы – дефектолог. Бұл – біздің арнайы мектеп-интернат үшін өте маңызды. Жалпы, Мұғалима Нұрсәбитқызы, жауапкершілігі биік педагог. Оған жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу тапсырылған. Біле-білгенге осы жастағы тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу оңай шаруа емес. Мұны қиынсынбайтын Мұғалима әріптесімнің жұмысына өз басым дән ризамын, — дейді.
Мақтаса, мақтағандай-ақ. Мұғалиманың өзімен тілдесіп, ол туралы сұрастырсаңыз, осы бір ерекше есім иесінің шынында да жақсы адам, жақсы маман екеніне көз жеткізесіз.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

25.08.2026

Голосование байкеров на выборах в Курултай

23.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Борьба со стихийными свалками

26.08.2026

Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмыстары жүруде

26.08.2026

В Шымкенте специалисты по комплаенсу обмениваются опытом

26.08.2026

«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның жаңалықтары

26.08.2026

Шымкентте комплаенс қызметкерлері тәжірибе алмасуда

26.08.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026

«Заң мен тәртіп»: Шымкентте жастардың құқықтық сауаты артып келеді

26.08.2026

В Шымкенте почтили память воинов Семипалатинского полигона

26.08.2026

Семей полигонының сарбаздарына құрмет көрсетілді

26.08.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.