Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»Жасөспірімдермен жиын өтті
    Аймақ

    Жасөспірімдермен жиын өтті

    22.10.2023
    Түркістан облысы білім басқармасының Бәйдібек ауданының білім бөлімінің С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» тақырыбында аудан прокуроры Байтелиев Мәди Мұратбекұлымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндет балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
    Жиынды аудандық білім бөлімінің әдіскері Бегеров Нұржан Досжанұлы ашып беріп, мектеп директоры Копесов Бакытжан Калиевич құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар және оқушылардың жетістігі туралы баяндама оқыды. Біртұтас тәрбие бағдарламасын қолдай келе, оқушыларды ар-ұят, талап, ұлттық мүдде құндылықтарын бойына сіңіруге шақырды.
    Мәди Мұратбекұлы кездесу барысында кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты келеңсіз жағдайларға қоғамның назарын аудару мақсатында мектеп әкімшілігімен және 8-11 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға заң алдындағы жауапкершілікті, құқықтық сауаттылықты арттыру, қазіргі заманда өзекті мәселе екеніне тоқталды.
    Екінші сөз кезегін Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Налибаев Сабыржан Жумабекович сөз алып онда әскери қызмет-мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет, бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елінің, Отанының алдындағы қасиетті парызы саналатындығын, Отан алдындағы борышын өтеу керектігін айтып өтті.
    АПБ ЖПҚ бастығы, майор Ақбердиев Бакытжан Лесбекұлы шығып, отбасы жағдайында қадағалауды қажет ететін, сабаққа қатыспайтын оқушылардың отбасымен жұмыс жүргізу, жасөспірімдердің автокөлік жүргізуін үзілді-кесілді тоқтату және ерте жүктілікті болдырмау туралы айтып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, кездесуге келген қонақтар бала құқығы туралы айта келіп, құқық бұзузушылық туралы оқиғалардан мысал келтіріп оқушыларға кеңестер беріп,ойларымен бөлісті. Оқушылар кездесуден өздеріне пайдалы көптеген мәліметтер алды. Кездесу жоғары дәрежеде өтті.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.