Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЖАСТАР КӨПІРІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЖАСТАР КӨПІРІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

    23.11.2023
    Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде «Қазақстан-түрік жастар көпірі» іс-шарасының ашылуы салтанаты өтті. Бауырлас елдердің жастары бас қосқан жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі, Түркия Республикасының, Шымкент қаласының, Түркістан облысының, Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, белгілі спикерлер және өңіріміздің белсенді жастары қатысты.
    Алдымен, мәртебелі меймандар ұйымдастырылған көрмені тамашалап, «Конгресс холл» өнерпаздарының орындауындағы күйлерді тыңдады.
    Басқосуда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев мәртебелі меймандарға алғысын білдіріп, түркі әлемі жастарын біріктіруді көздейтін жобаның маңызына тоқталды.
    – Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Түркістанға ерекше мәртебе беру бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Жуырда Түркістанды Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы деп жариялау жөнінде шешім қабылданды. Түркістанды дамыту миссиясын жүзеге асыруда жастардың, яғни сіздердің де қосар үлестеріңіз мол. Осы ретте түркі әлемі жастарын біріктіруді көздейтін бүгінгі жобаның маңызы зор. Мазмұнды кездесу арқылы жастардың тарихына, ортақ мәдениетіне қызығушылығын арттыру арқылы екі елдің жастары арасында ынтымақтастық орнату көзделіп отыр. Осы жоба нәтижесінде жастар саясатын жандандырып, маңызды тәжірибелер жинаймыз деп сенемін, – деді Бейсен Тәжібаев.
    Іс-шараның мақсаты – диалог және пікір алмасу арқылы екі елдің жастарын біріктіру, мәдени даму салаларындағы жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының жастар ұйымдары арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
    Ауқымды іс-шара барысында жастар әр түрлі секцияларға бөлініп, білімін арттырды. Өз саласында жетістікке жеткен спикерлер «Креативті индустрия қазіргі әлемдегі жаңа технологиялардың негізгі көзі ретінде», «Жастар тренді. Ұлттық айдентика», «Түркия және Қазақстан – жас ұрпақтың мәдени-білім беру интеграциясы» тақырыптарында ой қозғап, тәжірбиелерімен бөлісті. Жастармен еркін форматта диалог орнатып, сұрақтарына жауап берді.
    Жоба аясында Қазақстанның жастар қозғалыстарының белсенділері, Жастар ресурстық орталықтары мен волонтерлік қозғалыстардың өкілдері де өз ұсыныстарын ортаға салып, өзара пікірлесті.
    Қатысушыларға «Ұлы дала елі» музейі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Рабиға бегім кесенесі, «Қылует» жер асты мешіті, «Жұма мешіті» музейі, «Ежелгі Шығыс моншасы» сияқты Түркістан қаласының тарихи орындарына саяхат ұйымдастырылды.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.