Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘН БІРЛЕСТІГІНДЕ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТКІЗІЛДІ
Созақ ауданы, «Қарағұр» жалпы білім беретін мектепте білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру, сапалы сабақ беруде тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдана отырып, іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында бастауыш сынып пән бірлестігінде «Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинарды мектеп директоры Т.Малбағаров ашып, мұғалімдер мен оқушыларға сәттілік тіледі.
Бастауыш сынып пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Г.Асанова мұғалімдерді мектепішілік семинардың іс-шара жоспарымен таныстырды.
Тақырып аясында тренингтер, мұғалімдердің әдістемелік көрмесі, ашық сабақтар, тәжірибе алмасу сәттері, коучингтер өткізілді.
Бағдарламаның практикалық кезеңінде мұғалімдер тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерінің ашық сабақтарына еніп, іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бастауыш сынып мұғалімі З.Жылқыбаева «Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау» тақырыбында коучинг өткізіп, заманауи іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында өткізілген іс-шараларға мектеп мұғалімдері мен білім алушылар белсенді қатысып, мұғалімдер керемет әдістермен қоржындарын толықтыра түсті.
Қорытынды нәтижиесінді мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Х.Мүшекенова практиканы теориямен ұштастырып, тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге алғыс білдіріп, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №8 «Үлгілі» бөбекжай-балабақшасында шығармашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жаңа тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік семинар болып өтті.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, заттық — кеңістіктік дамытушы ортаның тиімділігін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету арқылы қолжетімді пәндік-кеңістік даму ортасы ұйымдастырылып, көңілді би «Флешмоб» пен басталды. Балабақшада 3 топта заттық — дамытушы ортаның балаларға қолайлы, олардың үйлесімді дамуына әсері тақырыптарына байланысты орталықтар құрылған.
Тәрбиеші М.Туребекова робототехника «LEGO» құрастырғыштар тақырыбындағы іс-әрекеті балаларға ойлау және талдау қабілеттерін дамытуға көмектессе, М.Мирашева «Білім патшалығына саяхат» тақырыбында балаларды дәстүрден тыс іс-әрекетермен қамти отырып, тәрбиеші К.Абенова «Өлкемізге күз келді» тақырыбында бес дағды төңірегінде балалардың шығармашылығын және ерекше ойлау қабілеттерін дамытты.
Семинар барысында бөлім әдіскер С.Ибрагимова педагогтермен жоспарланған бағдарламадағы іс-әрекеттер, концерттік бағдарламаларға қорытынды жасап, балабақшадағы тасымалдың ұйымдастырылуы, топтардағы жылудың қалыпты жағдайда болуы, білім беру обьектілерінің қызметкерлерінің медициналық қарап-тексерулердің уақтылы өтуін талқылап, әдістемелік көмек берді.
ОҚУШЫЛАР МОБИЛОГРАФИЯНЫҢ ҚЫР СЫРЫН ҮЙРЕНУДЕ
Жан-жақты болу өте маңызды. Креатив бейнеролик түсіру үшін ең алдымен шабыт қажет. Сосын жоспар керек. Ал одан кейін идея, оған қандай актер түседі немесе кімді, нені түсіремін деген сұраққа жауап табу маңызды. Сценарий, қандай өлшемде, қанша минут, қандай кадр, анимация, бәрін жазып алу керек. Видеоны түсіргенде мобилограф продюсер, режиссер, стилист болады. Түсірілімде бүкіл саланы білсең жақсы. Ал жарнамалық ролик түсіретін болсаң, 10 секунд болу керек деген сияқты талаптар да бар. Осы 10 секундта роликте 12-13 кадр болуы тиіс. Мұны динамикалық, көз ілеспес жылдамдықпен түсіреді.
Осыған орай Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мобилография» кәсібінің мұғалімі Сағат Қазбек Әмірханұлы осы кәсіпте оқитын оқушылармен «Автокөлік түсіру және оны креативті монтаждау» тақырыбында тағылымдамалық сабақ өтті.
Тағылымдық сабақта оқушылар автокөлік түсіру кезінде қолданылатын тәсілдірдің қыр-сырын меңеріп, креативті монтаждаудың үлгілерімен танысты.
САУРАН: «ДАРАБОЗ» БАЙҚАУЫНЫҢ ДАРА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
«Атадан-мұра» қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ағымдағы жылдың 5 қараша күні өткен Республикалық «Дарабоз» байқауына Сауран ауданына қарасты Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары: Мұрат Кәусар және Керімбек Арайлым қатыстып, І орын иеленді.
«Атадан-мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өтетін байқауға саурандық жеңімпаздар жолдама алды. Жетекшісі: Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бекбулатова Эльмира.
ШАРДАРАДА МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ
Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында республикалық «Махамбет оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Бұл конкурсқа білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасындағы аудан мектептерінен 62 оқушы қатысты.
Мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету мақсатында өткізілген байқау 5 бағыт бойынша жүзеге асырылды.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 2023 жылы 9 қараша күні Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Сайрам ауданы, № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында Сайрам АПБ бастығының кадрлар жөніндегі орынбасары полиция полковнигі А.Ауенов және ЖПКБ ЮПТ-ның аға инспекторы полиция капитаны Б.Төлегеновтың қатысуымен мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс, құқықбұзушылық, буллинг, кибербуллинг, ерте жүктіліктің және балаға қатысты жыныстық тиіспеушілік, қатігездік, зорлық-зомбылық, жолда жүру қауіпсіздігі, заңсыз көлік айдау сияқты маңызды мәселелер аясында құқықтық кеңестер берілді. Жиын соңында оқушыларымен ашық алаңда пікір алмасу, сұрақ жауап аясында талқылау жүргізілді.
«МЕКТЕП — МЕНІҢ ОТБАСЫМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЙЫС САБАҚ ӨТТІ
«Мектеп — менің отбасым» жобасы аясында Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-10 сынып оқушылары арасында математикалық сайыс сабақ өтті. Тақырыбы — «Мобиус».
Мақсаты: дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, сергектік, зеректік және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдап, білімді жастарды анықтайтын «Мобиус» атты танымдық сайыс жоғары деңгейде өткізілді.
Жоба аясындағы жұмысты аталған білім ордасының ұстаздары Бактигул Пирниязова, Маржан Жуманова өткізді.
Аудан бойынша оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге және оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқыту семинарлары мен тренинг сабақтар жүйелі түрде өткізіліп отырады.
ОҚУШЫЛАР ЫДЫС ЖУУҒА АРНАЛҒАН ЗАТТАРДЫҢ АҒЗАҒА КЕРІ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕДІ
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №32 Ә.Жангелдин атындағы мектебінде химия пәнінің мұғалімі Феруза Жолдасбекованың жетекшілігімен «Таза табиғи орта – Қазақстан — 2050 стратегиясын іске асырудың негіздері» бағыты бойынша 9 сынып оқушылары Ізтай Балауса мен Әмірхан Айару «Ыдыс жууға арналған заттардың адам ағзасына әсері» тақырыбында эксперимент жүргізді.
Мақсаты: Күнделікті тұтынып жүрген ыдыс жууға арналған құралдардың химиялық құрамына жан-жақты талдау жасау, пайдасы мен зиянын зерттеу.
Тәжірибе нәтижесінде оқушылар ыдыс жуатын құралдардың құрамындағы химиялық заттардың адам ағзасына әсерін және ыдыс жуатын заттардың сапасын зерттеп, халықты сапалы өнім тұтынуға шақырды.