Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА II ТҮРКІ УНИВЕРСИАДАСЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА II ТҮРКІ УНИВЕРСИАДАСЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

    23.11.2023
    Түркістанда 4 күн бойы түркітілдес мемлекеттердің назарында болған II Түркі универсиадасының жабылу салтанаты өтті. Аталмыш сайысқа Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстаннан 500-ден астам студент-спортшы қатысты. Жас спортшылар 7 спорт түрінен, атап айтқанда үстел теннисі, шахмат, волейбол, футзал, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі бойынша өзара бәсекеге түсті.
    Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де өткен жабылу салтанаты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау бейнеролигімен басталды. Министр тілегінде «II Түркі универсиадасы – бауырлас елдердің ынтымағы мен бірлігін, татулығы мен достығын тағы да паш етті. Бұл сайыс спорттық бәсекемен қатар, шынайы достықтың да жарқын үлгісін көрсетті. Түбі бір түркі халқының тарихы мен дәстүрі, қуаты баршамызға ортақ мығзымас құндылық екені сөзсіз» делінген.
    Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков өз кезегінде универсиада да жеңіске жеткен барлық мемлекет спортшыларын құттықтап, әрбірі өз елінің мақтанышы, үміт артқан ұрпағы екенін жеткізді.
    – Спорт саласы – намыс пен қайратты, күшке қуат, білекке күш, жүрекке сенім арттыратын рух деп білеміз. Сол рухпен бүгінгі күні тарихы тамырлас түркі елдерінің жастары киелі қаламыз, түркі мемлекеттерініңң рухани астанасы – Түркістанда бас қосуы біз үшін үлкен мәртебе, – деді.
    Кеш Түркі универсиадасының туын келесі елге табыстау рәсімімен жалғасты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы мен Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының вице-президенті Мұхтар Есқалиев III Түркі универсиадасын өткізу үшін туды Қырғызстан Республикасы өкілдігіне салтанатты түрде табыс етті.
    Әрі қарай арнайы дайындалған концерттік бағдарлама көпшілікке ұсынылды. «Атамекен» ұлт-аспаптар фольклорлық ансамблі Дәулеткерейдің күйі «Көроғлы» мен түркі халықтары музыкасынан попурри орындап, көптің рухын көтеріп, зор қошеметке бөленді. «Би сұлтан» би ансамблі II Түркі универсиадасы бауырластық пен ынтымақтың айқын көрінісі екенін дәріптейтін «Достық» биін мың бұрала биледі. Түркістанның әнұранына айналған – «Түркістаным Тұраным» әнін жиылған көрермен қосыла шырқады.
    Осылайша достық пен татулықты бейнелеген, бауырлас елдердің спорттық дүбірлі додасы өз мәресіне жетті. Көңілді кеш түркі тілдес мемлекеттердің бір-біріне деген шексіз құрметі, ыстық ықыласы мен ізгі тілегінің көрінісін бейнелеп, баршаға қуаныш сыйлады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.