Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСТІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді.
Осы ретте Түркістан облысының делегациясы Жапония еліне іссапармен барды. Осы сапарға Сайрам ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нұртанова Гульнар Бермаханбетқызы қатысып, тәжірибе алмасып қайтты.
Сайрам ауданында Токио сапарындағы іс-тәжірибемен бөлісуді мақсат тұтқан алқалы жиын өтті. Жиынға Сайрам ауданы білім бөлімі басшысы Г.Тынымбаева және аудандағы мектеп директорлары қатысты.
Таныстырылым барысында мектеп директорлары күншығыс елінің білім саласы мен сабақты зерттеу әдісі бойынша сұрақтарына жауап алды.
Жапон мектебінде техникалық персонал қарастырылмағандығы, тазалық жұмыстарын оқушылардың өздері жүргізетіндігі және білім ұйымдарында асхананың жоқтығынан түскі асты аспаз арнайы бөлмеде дайындап, сынып оқушыларынан кезекші бекітіп тамақты тарататындығы, оқушылар өз сыныптарында тамақтанатындығына қызығушылық танытты.
Оқушыларды ерте жастан еңбекке баулу арқылы өмірге дайындайтыны аудандағы білім саласы өкілдеріне ерекше әсер қалдырды. Мектеп басшылары аталған тәжірибені өз білім ұйымдарында қолданып көруге ұсыныстарын білдірді.
«ДАНАЛЫҚ БЕЙСЕНБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектепте «Даналық бейсенбі» тақырыбында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жалғасын тапты. «Отбасы Хрестоматиясы» қоғамдық қорының сарапшысы, «Балалықтан даналыққа» кітабының авторы Мырзабаев Сейілбек Саттарұлы мен ата-аналар, ұстаздар арасында кездесу өтті.
Жазушы қазіргі уақытта отбасындағы бала орны, құндылыққа негізделген өмір сүру философиясы, ата-ана — бала — мұғалім арасындағы шешімін таппай тұрған бірқатар өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғап, өмірден көрген-білгенін, ұққан-түйгенін, ақыл-кеңесін айтып, түсіндірді.
Сонымен қатар, Сейілбек мырза қазақтың ертегі, қиссаларын, классикалық құндыдылықтарын бойына сіңіріп өскен бала өмірге, білімге, қай бағытқа, қай салаға, қай ғылымға бағыттасаңыз да түбі бір жерді тесіп шығатынына көзі жеткенін, тәжірибеде дәлелденгенін айтты.
Қызықты да пайдалы әсерге толы болған кездесуден соң ата-аналар, ұстаздар бала тәрбиесіне, ата-аналарға арналған «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының кітаптарымен танысып, кеңінен мағлұмат алды. Алдағы уақытта да бала тәрбиесіне берері мол осындай пайдалы іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.
МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ДЕСАНТ САБАҚ ӨТТІ
Түркістан облысы бойынша барлық білім беру ұйымдарына озық педагогикалық тәжірибені тарату және жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту семенарлары, әдіснамалық жұмыстарды ұйымдастыру шарасы бойынша Жетісай ауданы, Ә.Жангелдин атындағы №27 ЖББМ КММ тренері Г.Оразханованың ұйымдастыруымен серіктес мектептермен жоспарланған кезекті іс-шара өткізілді.
Жетекші мектеп І.Жансүгіров атындағы №30 ЖББМ КММ бастауыш сынып мұғалімі Қалауова Нұргүл 3″А» сыныбында математика пәнінен «Санның квадраты және кубы» тақырыбында десант сабағы өтті. Сабақ SMART түрінде жоспарланған, қолжетімді. Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы жақсы, оқушылар белсенді, мұғалімге тез бейімделе алды. Сабақта «АҒЫН» процесі жүрді.
КІТАПХАНАШЫЛАР АРАСЫНДА ӨТКЕН СЕМИНАР
Созақ ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Созақ» мектеп-гимназиясында «Білім беру процесінде цифрлық оқулықтарды қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Кітапханашылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту, кітапханашылардың кәсіби шеберлігін дамыту және жаңа идеяларды насихаттау, өзара тәжірибе бөлісу мақсатында өткен семинарға аудан мектептерінің кітапханашылары қатысты.
Семинар барысында «Созақ» мектеп-гимназиясының кітапханашысы Б.Тажибаева оқырмандардың оқу сауаттылығын арттыруда «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында «READx» жобасын таныстырды. «Кітап оқудың бала логикасының дамуына әсері» тақырыбында Ж.Рысдәулетова шебер сынып өтті.
Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханашысы С.Сейтжанова «Мысалдар хақында бір сөз» тақырыбында мәтінмен жұмыс көрсетсе, Д.Татенова «Ақылды кітап» тақырыбында әр түрлі ойындар арқылы әдіс-тәсілдер мен тәжірибе алмасты. Әдістемелік кабинет әдіскері А.Қалманбаева «Цифрлық электрондық оқулықтарды қолдану» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара соңында семинарға қатысушылар кітап көрмесімен танысып, пікір алмасты.
«ЖАС КӨШБАСШЫЛАР — 2023» ҚҰРЫЛТАЙЫНА ҚАТЫСТЫ
Сарыағаш ауданы, №4 мамандандырылған мектеп-интернатының өзін-өзі басқару ұйымының президенті, 10 сынып оқушысы Мұхит Жасұлан Астана қаласында өткен «Жас көшбасшылар — 2023» құрылтайына қатысты. Құрылтай барысында өзіндік идеяларын ортаға салды, әр саланың көшбасшыларымен кездесулерге қатысты.
Кездесу барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев көшбасшыларымен бейресми кездесу өткізді. Еркін форматта өткен жиында оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, мектеп қабырғасындағы мәселелерге қатысты ойларымен бөлісті. Ал Ғани Бектайұлы, өз кезегінде білім саласында жасалып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, жас өрендердің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында министр жас көшбасшыларға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты кітабы мен сыйлықтар табыстады. Естелік суретке түсті.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА ЖАҢА ОРЫН МЕН ҚОСЫМША ТОПТАР ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
Түркістан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру үшін жаңа орын және қосымша топтарға конкурс жариялайды. Конкурс балабақшаларға 2-6 жас аралығындағы балаларға жалпы 9000 орынға өткізіледі. Құжаттарды қабылдау қағида талаптарына сәйкес 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Өтінімдер 2023 жылдың 20, 21, 22 қараша күндері сағат 9.00-ден 19.00-аралығында қабылданады. Электрондық форматта тапсырамын дегендерге Tapsyru.bilim@list.ru электронды мекен-жайына жіберуге болады. Электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті аудандық, қалалық білім бөлімдеріне баруға болатынын мәлімдейміз!
Педагогикалық оқу
Түлкібас ауданының білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес , 2023 жылдың 17 қараша күні «Мерей» бөбекжай- бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту» тақырыбында аудан көлеміндегі, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің қатысуымен педагогикалық оқу өткізілді.
Педагогикалық оқуды өткізудегі мақсат:
«Өрлеу»біліктілікті арттыру институтынан алған білімдерін бөлісу және өз тәжірибелерінде қолдану барысын көрсету және тәжірибе алмасу.
«Мерей» бөбекжай-бақшасы» меңгерушісі және тәрбиешілері презентация, шебер сынып, тренинг және қимылды ойындар көрсетті.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби даму барысында педагогикалық оқу өткізудің тиімді екені айтылып және тәрбиешілер көрсеткен жұмыстары сипатталды, тәрбиешілердің қызығушылықтары мен ізденістерін арттыруға және кәсіби құзіреттілігін жетілдіру бағыттары айқындалып, ұйымдастырылды.