Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІН АРАЛАДЫ
    Аймақ

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІН АРАЛАДЫ

    24.11.2023
    Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды. Білім мекемелерінің қауіпсіздігін бақылап, қысқы маусымға дайындығын пысықтады.
    Алдымен Сайрамдағы «Айнабұлақ» жалпы орта мектебінің жағдайын көрді. 1991 жылы пайдалануға берілген 1 қабатты білім ордасында 600ден астам бала оқиды. Мектеп қатты отынмен жылынады. Алайда көмірдің қоршаусыз, сыртқа жатқанын көрген Ғалымжан Сұлтанбекұлы мектеп директорына шатыры бар, жаңбыр қардан қорғалатын таса жерге ауыстыруды тапсырды. Мектептің ішіндегі орындықтардың тозығы жеткен, оларды жаңартып, балалардың таза, ыңғайлы жерде білім алуын қамтамасыз етіңдер деді басқарма басшысы. Асханасының іші тар. 267 бала бірнеше легпен бір реттік ыстық тамақ ішеді.
    Келесі 9 жыл бұрын қолданысқа берілген №67 «Көмешбұлақ» жалпы орта мектебіне барған басқарма басшысы мектептің жылыту жүйесін тексерді. Әзірге қатты отын арқылы жылынатын білім ұясы, газға өтеді. Қорда 235 тонна көмір бар. Олардың сақталу тәртібі де қарастырылған. Қауіпсіздік жағы толық қамтамасыз етілген.
    № 49 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп 2009 жылы пайдалануға берілсе де, ғимараттың төменгі қабаты, асханасы қауіпті аймақта. Апатты деп танылған бір бөлігі. Қазіргі таңда, тегін тамақ ішетін 200-ден астам балаға 2 сынып қосымша қарастырылған. Ғалымжан Сұлтанбекұлы қауіпті аймақты блоктар үшін күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды.
    Басқарма басшысы Сайрам ауданындағы сапары барысында №59 «Қ.Жандарбеков» жалпы орта мектебіне келді. Білім ордасының қоршауын бірден тексеріп, мердігердің жұмысын сынға алды. Оны назарға нықтап ұстамаған мектеп басшылығына да ескерту берді. Жаңа қоршаудың тірек темірлерін бос қойып, астындағы цементін дұрыс құймаған. Бос, үгітіліп тұр. Ғалымжан Сұлтанбекұлы мұндай жағдайда мердігердің жұмысын жарамсыз деп танытып, қайта реттетуге болатынын айтты. Мекеменің қасбеті ескірген. Қайта жөндеуді қажет етеді. Білім ошағындағы дұрыс орнатылмаған бейнекамераларды байқаған басқарма басшысы, камераларды жаңартып, қосымша алдырту керектігін тапсырды. Интернет жылдамдығы да көңіл көншітпей тұр. Тиісті басқармаға хат жолдап, реттеу керектігін айтты.
    Ал, жалпы мектептің асханасы, спорт залы мен әжетханасының да жағдайы жақсы. Дабыл батырмасы жұмыс істеп тұр. Мектеп қорында 270 тонна көмір бар.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.