Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ШӘКІРТТЕРДІ ШЫҢДАҒАН ШЕБЕР
    Аймақ

    ШӘКІРТТЕРДІ ШЫҢДАҒАН ШЕБЕР

    21.11.2023

    Ұстаз болу сый етілген өміріне,

    Қиын бірақ оны алып жүруіде.

    Өмір жолын ұстаздыққа арнаған

    Талай мықты ұстаздар бар елімізде, -деген өлең жолдарындағыдай ұстаздаық ету ең асыл іс. Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол-мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, ұлттың да адамгершілік пен ерліктің де нағыз жанды өкілі. Үнемі баланың көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Ұстаз нақты, дәлелді, сенімді, көркем жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Мұғалімнің әділдігі, батылдығы, іс пен сөз бірлігі, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ұстаз мейірім мен жанашырлық сезімдерінің тұтастай толық көрінісі. Ұстаз-білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол-мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттерге жеткізіп дарытушы. Бір сөзбен айтқанда ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

    Осындай қасиеттің барлығы бойынан табылатын ұстаз Түркістан қаласы Майшай Әбенова атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Жарқынай Сейтжаппарова деп білемін. Ұстаздық жолында талмай еңбек етіп келе жатқанына бүгінде 20 жыл. Осы 20 жыл ішінде көптеген шәкірттерге сапалы білім беріп, біршама белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге жете білді. Жарқынай Сейтжаппарованың қолынан түлеп ұшқан шәкірттер қазіргі таңда сан-салада ел дамуына өз үлестерін қосып жүрген жандар. Өнеге мен өрілген өмір жолында Жарқынай Сейтжаппарова үлгілі ұстаз ғана емес аяулы ана, асыл жар. Жолдасы Темірхан Өміртайұлы екеуі екі ұл, үш қызды өсіріп-жеткізіп, олардан өрбіген немерелердің қызығын көріп жүрген бақытты отбасы.

    Жарқынай Сейтжаппарова әріптестерінің арасында да үлкен беделге ие болған, құрметті ұстаз. Педагогтық жолында талай жас ұстаздарға жетекші болып, өзінің тәжірибесімен бөлісіп, мұғалім болудың қыр-сырына баулыды. Еңбек жолында жеткен жетістіктеіне келер болсақ 2017 жылы Астана «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтық олимпиадалар өткізу орталығы ұйымдастырған 1-4 сыныптарға дүниетану пәнінен Республикалық олимпиадасына жүлдегер дайындағаны үшін «Алғыс хатпен», 2017-2018 оқу жылының қараша айында бастауыш сынып оқушыларын пәндік олимпиада-ға шығармашылықпен жоғары деңгейде дайындағаны және білім беру саласына қосқан үлесі  үшін «Грамотамен» марапатталды. сонымен қатар 2018 жылы Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Парусы» Халықаралық балалар орталығы жобасының бастауыш сынып оқушыларына арналған ХХ Халықаралық балалар олимпиадасында Дипломмен, «Қазақстан Республикасының Құрметті педагогы» төсбелгісімен және  Құрмет грамотасымен марапатталды 2018  жылы «INTELLIGENCE.KZ» Республикалық ақпараттық ғылыми-педагогикалық журналына «Масса,грамм,тонна ұғымы» сабақ жоспары шықты. Сол жылы Астана «Білім беру саласындағы үздік есімдер» атты кітапқа еліміздегі білім беру саласында өз үлесін қосқан үздік 200-ден астам педагогтардың есімі енген. осылай тізбектей беретін болсақ жетстіктері мен марапаттары бір кітапқа жүк болары даусыз. Соңғы бес жылдың өзінде айтарлықтай  биікті бағындырды.

    Қорыта келгенде ұстаздық әлемі өзгеше, көптеген үздік шәкірттер тәрбиелеген, талай аламанда аты озып, топты жарған Жарқынай Сейтжаппарова апай жайнда көп мадақ айтуға болады. Анығы ол кісі өз біліктілігі мен білім қарымы арқылы өз биігін бағындырып, өз сүрлеуін салып келе жатқан ұстаз.

    А.МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.