Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»Cаналы ұрпақ – кемел болашағымыз
    Аймақ

    Cаналы ұрпақ – кемел болашағымыз

    21.11.2023
    Жаһандану заманында жас ұрпақтың   жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген қызығушылықтарын ояту, өмірде оны қолдана білуге дағдыландыру – ұстаздың басты міндеті. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді меңгермейінше  сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
    Білімнің қайнар көзі балабақшадан басталады. Мектепке дейінгі шақ – бала өміріндегі ең маңызды кезең. Бұл кезде баланың бойындағы табиғи дарыны жан-жақты дами бастайды, бұл кезде балалармен нақты, жан-жақты жаңа технологиялық әдіс-тәсілдермен, дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс та нәтижелі болады.
    Білім беру, білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп,  оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін күнделікті қолдана білетін ұстаз-тәрбиешілердің жұмыстары жемісті болмақ. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының басты мақсаты – дені сау, саналы, тәрбиелі ұрпақты балабақшада даярлап, мектепке дайын шәкірт жіберу. Бұл үшін жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізу тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен еңбек ету дағдыларын қалыптастырады. Балабақшада сәбилердің креативті ойлау қабілеттерін дамытуда – тәрбиешінің жаңашыл, ізденімпаз болуының маңызы зор.  Жаңашыл тәрбиеші қандай болу керек?
    Ол – жаңару, жаңғыру технологияларының әдіс-тәсілдерін оқу ісіне:
    – жүйелі қолдана алатын;
    – педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
    – тәрбиеленушілермен ортақ, тез тіл табысатын;
    – білімін жетілдіріп, үнемі ізденісте жүретін;
    – білімді, білікті, мейірімді, іскер болуы қажет.
    Ал, менің көшбасшылық ұстанымым балабақшамызда балалардың денсаулығын нығайту жолындағы шараларды қауіпсіз ортада жүйелі түрде жүргізуге бағытталған. Саналы ұрпақ – біздің кемел болашағымыз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттың даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі.
    Білім берудегі жағдай жаңартылған білім беру мазмұнын жаңарту, әлеуметтендіру, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру сияқты оң тенденциялармен ғана шектеліп  қоймай, отбасы мен балабақша арасындағы байланыстың өз деңгейінде тығыз қарым-қатынаста болуымен ерекшеленеді.
    Сондықтан білім ордалары адамгершілік қарым-қатынастың, құндылықтарды қалыптастырудың, мейірімділіктің, ізгіліктің, бауырмалдықтың ұясы болуы тиіс. Ата-аналар үшін бала тәрбиесінде тәрбиешілермен сенімді серіктеске айналу құзырына ие болу маңызды. Осы ынтымақтастықты қалыптастыра  отырып  жұмыс істеу мектепке дейінгі тәрбиенің өзегі болуы тиіс.
    Ұ. ЖҮНІСОВА,
    М.Шойманов ауылындағы «Әлі-Нұр» балабақшасының
    меңгерушісі. Отырар ауданы.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.