Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»Балаға қатыгездік көрсетпей тәрбиелеу
    Аймақ

    Балаға қатыгездік көрсетпей тәрбиелеу

    21.11.2023

    Түркістан қаласындағы аналар кеңесі бастаған және өзге де қоғамдық ұйым өкілдері қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлескен түрде балалардың зорлық-зомбылықтан ада болуы үшін түрлі кездесулер өткізіп келеді. Соның ішінде аталмыш бастамашыл топты әсіресе мектеп жасындағы балалардың жай-күйі алаңдататын көрінеді. Осындай жағдайға байланысты ЮНИСЕФ балаларға зорлық-зомбылық көрсетуді еш құптауға болмайды және бірлесіп белсенді жұмыс жасаудың арқасында барлық зорлық-зомбылық оқиғаларының жолын кесуге болады деп сенеді.

    Тарқатып айтсақ, аталмыш ұйым еліміздегі өкілетті органдармен бірге жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың мінез-құлқын қадағалап отыру үшін дене жазалауын қолдануды құптайтын көрінеді. 2-14 жас аралығындағы әрбір екінші бала отбасында зорлықпен тәртіпке салу шараларына душар болады. Мектеп оқушыларының үштен екісі басқа оқушылар немесе мұғалімдер тарапынан зорлық-зомбылық көрсетуге немесе кемсітуге шалдыққан немесе соның куәсі болған. Зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейі мектеп-интернат мекемелерінде және мінез-құлқында қиындықтары бар балаларға арналған мектептерде байқалатынын алға тартады.

    Зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою жолындағы айтарлықтай кедергі болып «зорлық-зомбылық» ұғымын түсіну аясының тарлығы табылады, аталмыш ұғым көбінесе тек дене жазалауына ғана қатысты қолданылады. Зорлық-зомбылыққа қорқытуды, психологиялық қысым көрсетуді немесе тіл тигізуді жатқызу таңсық жайт. ЮНИСЕФ қоғамда «зорлық-зомбылық» ұғымын дұрыс түсінуді, оның жағымсыз салдарынан хабардар болуды, оның барлық түрін барлық деңгейлерде қабылдамауды және күресуді, сондай-ақ, бала тәрбиесі мәдениетінен зорлықпен тәрбиелеудің кез-келген түрін жоюды өз мақсаты деп біледі.

    Қорыта айтқанда, балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды. Алдын алу деңгейінде балаларға кез-келген түрде, соның ішінде дене жазалауы түрінде зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салатын заңнамамен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларын зорлықсыз тәрбиелеу дағдыларын үйде қызмет көрсету және жақсы ата-ана болу бағдарламалары сынды шаралар арқылы дамыту маңызды. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде, сонымен бірге, қосымша білім беру ұйымдарында балаларға арналған арнаулы бағдарламалар болуы қажет.

    Шара қолдану деңгейінде балаларға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы өкілетті органдарға міндетті түрде хабардау жүйесін жасау, жүйенің тиімділігін арттыру үшін бала құқықтарын қорғау жүйесіне қосымша әрекет етуші тұлғаларды енгізу, өкілетті органдар арасында нақты үйлестіру және тиімді өзара әрекеттесу тетігін жасап шығару, мамандарды балаларға зорлық-зомбылық көрсету оқиғаларымен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі зорлық-зомбылық оқиғалары кезінде құқық қорғау және сот органдарының шара қолдануына қатысты нұсқаулықтар әзірлеу маңызды.

    Мамандардың және халықтың балаларға зорлық-зомбылық көрсетілетінінен, соның ішінде, зорлық-зомбылық көрсету қауіп-қатерлерінен және белгілерінен, оған қоса балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің жағымсыз салдарынан хабардарлығын арттыруға көңіл бөлудің де маңызы аз емес. Сонымен қатар, жағдайды және оң өзгерістерді бақылап отыру үшін балаларға көрсетілетін зорлық-зомблықтың барлық түрлері туралы әкімшілік мәліметтерді жинауды әрі қарай жетілдіру қажет.

    ЮНИСЕФ өкілетті органдармен бірге мектептерде зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша пилоттық бағдарламаны бастады. Мақсат – оқушылар арасында психоәлеуметтік дағдыларды дамыту, әрі зорлық-зомбылық көрсету қауіп-қатерлеріне және зорлық-зомблық көрсету оқиғаларына шара қолдану тетіктерін жасап шығару арқылы зорлық-зомбылық туындағанға дейін оның жолын кесу. Әзірленген әдістеме Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сынақтан өткізіліп, өз тиімділігін көрсетті. Енді Ұлттық білім академиясының қолдауымен осы әдістеме білім беру жүйесінің стандарттарына және құзыреттеріне енгізілетін болады.

    ЮНИСЕФ қолдауымен зорлық-зомбылықтың және балалардың қажеттіліктеріне немқұрайды қараудың алдын алу патронаж мейірбикелерінің қызметіне айналды, олар отбасыларға бару кезінде балаларды тәрбиелеудің орынды әдістері туралы ақпарат береді және, егер бала отбасында қатыгездікке тап болу қаупіне шалдықса немесе душар болса, шара қолданады.

    2018 жылы ЮНИСЕФ өкілетті органдармен бірге балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу бойынша ақпараттық науқанды жүзеге асыра бастады. Науқан ата-аналардың сонымен қатар, бала тәрбиесінде және білім алуында зорлықшыл әдістерге жол жоқ екенінен қоғамның хабардарлығын арттыруға, осы мәселедегі әдістемелерді, нормаларды және ұстанымдарды өзгертуге бағытталған.

    Өкілетті органдармен бірге заңнаманы жетілдіру және балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайларын анықтау, хабарлау, тіркеу және шара қолдану хаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

     

     

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.