ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Четверг, 28 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ais_media ais_media
25.11.2023
Аймақ
0
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
0
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Н.Тұрсынбеков атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінде аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын мақсатқа жету жолындағы тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру, сыни, шығармашылық, логикалық ойлау, зияткерлік дағдыларын дамыту.
Семинарға барлық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинарды мектеп директоры Ғ.Дүйсенбаев ашып беріп, мектептің тарихымен және жеткен жетістіктерімен таныстырды. Пән әдіскері Г.Оразбаева семинардың маңыздылығы мен семинар тақырыбының ашылуына аса мән беру керектігі туралы тоқталып өтті.
Семинар барысында тақырыптың ашылуы, мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, тақтамен жұмыс жасау аясында тиімді кері байланыстар берілді. Осындай берері мол әсіресе, жас мамандарға әдістемелік сүйемелдеу мақсатында өткізілген осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ЕЛІМ ДЕГЕНДЕР” ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ТӨЛЕБИЛІК СТУДЕНТ І ОРЫН АЛДЫ
Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қолдану аясын кеңейту мақсатында өзге этнос өкілдері арасында «Елім дегендер» шығармашылық байқауы өтті. Осы шығармашылық байқаудың жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқаны үшін Кадырова Хуршида Османалиевна және «Аспап өнері» номинациясы бойынша Төлеби ауданындағы 8 колледж студенті Фахруддинова Диана 1-орын иегері атанды. Жетекшісі: Х.Кадырова.
«ЖАСТАР ЛИГАСЫ» КОНКУРСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен «Жастар лигасы» атты робототехника және авиациялық техника конкурсында Түркістан облысының білім басқармасының Түркістан қаласының білім бөлімінің №28 мектеп-лицей оқушылары Керімбек Ержан, Әшірбай Нұрбол жүлделі І орын (500 000) иеленді. Жетекші: Жаналин Азамат.

«ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ОНКҮНДІК ӨТУДЕ
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында 2023 жылдың 17 қарашасы мен 28 қарашасы аралығында «Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасаудың тиімді жолдары» тақырыбында онкүндік өткізілуде. Осындай іс-шара Б.Момышұлы атындағы ЖББМ-де жоғары деңгейде өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты: білім сапасын арттыру, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жандандыра отырып, сараланған тапсырмалар мен оқытудың тиімді тәсілдерін қолданып, сапалы білім беру.
Мақсатқа сай, жоспарланған үлгілі сабақтар мен іс-шараларда басымдық үлгерімі төмен білім алушыларға бағытталуда. Пән мұғалімдері сабақ барысында жетекші сұрақтар қою, жеке, топтық, ойын тапсырмалары арқылы білім алушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отырды.
Сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында да түрлі жұмыстар ұйымдастырылды және мектеп тренерлері «Үлгерімі төмен білім алушылардың айтылым, жазылым дағдысын қалай арттырамыз?» тақырыбында коучинг ұйымдастырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті.
ЖАСТАР ЛИГАСЫНДА ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФКАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген «Жастар лигасы» атты робототехника және авиациялық техника байқауында Arduino жиынтығымен машина құрастыру, аrduino жиынтығымен құрастырылған машинаға бағдарлама орнату және аrduino жиынтығымен құрастарылған машинамен кедергілерден өту кезеңдері бойынша бақ сынасты.
Жалпы 14 команда қатысқан байқауда қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды.
Аталмыш байқауда Сайрам ауданының №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары 10 сынып оқушысы Нұрболат Ералыұлы, 8 сынып оқушысы Нұрислам Қыдырбек жүлделі орын иеленіп, 75.000 теңгелік қаржылай сертифкаттармен марапатталды.
Жетекшісі: Информатика пәні мұғалімі Тоқташов Ералы.
ОТЫРАР: НЗМ-мен БІРЛЕСКЕН СЕМИНАР ӨТТІ
Отырар ауданына қарасты Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы НЗМ-мен бірлескен «Сабақтағы критерийлерін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбындағы әдістемелік күн жоспарланып өткізілді.
Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, әртүрлі жастағы білім алушылар арасында коммуникативтік дағдыларды жетілдіру, балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, мәдениетке, туған өлкеге ұқыпты қарым-қатынас пен қызығушылықты тәрбиелеу мақсатындағы өткен семинарда қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, химия, тарих, география, информатика, биология пәндерінен бірлескен сабақтар ұйымдастырылды.
Бақыланған сабақтарға кері байланыс беріліп, тиімді әдіс алмасу жұмыстары жүргізілді. Пән мұғалімдерімен түрлі тақырыптарда семинар, шебер-сыныптар, тренингтер өтті.
Аталған іс-шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауда, білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеруге оң ықпалын тигізері анық.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҮЙЛЕСТІРУДЕГІ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР
Жуырда Шардара ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің жұмысын үйлестірудегі негізгі қағидалар» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинарға облысқа қарасты аудандардан Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемелерінің меңгерушілері және Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің меңгерушілері, әдіскерлері және жауапты мамандар қатысты.
Іс-шара барысында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуде нормативтік құжаттардың рөлі» жөнінде ППТК-нің басшысы М.Ж.Маканов жан-жақты саралап, түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, «Жемістер» атты ашық сабақты логопед А.Б.Байбалова, «Қызықты ойындар» педагог-психолог М.К.Даулбаева, «Баланы ЖХЖ (МКФ) шеңберінде тексеру» дефектолог А.Р.Тулебаева өткізсе, «Баланың психологиялық-әлеуметтік дамуы мәселелерін бағалауды жүргізу технологиясы» тақырыбында әдіскер А.К.Камалова әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнады.
САЙРАМ: ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №74 жалпы білім беретін мектебінде Ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру мақсатында «Асыл әжелер» мектебінің ашылуы болып өтті.
«Әжелер сөзі — тәрбие көзі» тақырыбындағы іс-шараға 7 сынып оқушылары қатысты. Абайдай дана тәрбиелеген, Зередей зерделі әжелердің ұрпақ тәрбиесінде рөлі өте жоғары.
Әжелер мектебінің негізгі мақсаты — ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, мектептегі қыз балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүріне баулу, туған жерін, елін және отбасын ардақтайтын тәрбиелі қыз, ардақты ана, қайратты да, сабырлы жан болуға, әсіресе бұрымды қыздарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КІТАП ОҚУДАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
КІТАП ОҚУДАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

КІТАП ОҚУДАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.