МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Четверг, 28 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ais_media ais_media
25.11.2023
Аймақ
0
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарда ағымдағы жылдың қараша айының 20-22 күндер аралығында «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Хадиша Алиасқарқызымен «Әсел» бөбекжай-бақшасы және «Нурбөбек» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың педагог қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын, әдістемелік материалды оқыту әдістерін іске асыруда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда оны психологиялық қолдауда әдістемелік көмек көрсетілді.
Бұл іс — шара балабақшада жүргізілетін сан-салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізді.
Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік көмектері, олардың білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды.
Ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарылатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті.
Әдістемелік көмек өз дәрежесінде өтіп, мектепке дейінгі ұйым педагогтері өзара пікір алмасып, кері байланыс орнатылды.
ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА БИІКТЕН КӨРІНДІ
Арыс қаласы “Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің” дарынды оқушылары Өзбекстан елі, Ташкент қаласында өткен Халықаралық “Азия Таланттары” өнер байқауында бақтарын сынады.
“Азия Таланттары” Халықаралық байқауында Арыс қаласының намысын қорғап, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі І — ІІ орындарға ие болды.
Атап айтсақ, биыл ғана құрылған “Шабыт” домбырашылар ансамблі І орын, жектекшісі Шардан Ұлтусын Қонысбекқызы “Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Фортепиано аспабынан Аубакир Ислам І орын, Абдулла Айару ІІ орын, жетекшісі Ташиметова Айжан Муратхановна “Құрмет грамотасымен” мараратталды.
“Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша Ергеш Дінмұхаммед, Қайыпжан Зульфия жүлделі ІІ орын, жетекшісі Орынбай Гүлмайя Арысбайқызы “Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Домбыра номинациясынан Байбосын Бекзат, Шералы Ерзат, Байбосын Керемет ІІ орынмен марапатталды.
Аталмыш байқауға түрлі ұлт өкілдерінен өнерпаздар қатысты.
ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚ БИІН САХНАЛАП, ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында 17-18 қараша күндері өткен «Азия таланттары» Халықаралық өнер байқауына Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы № 20 ЖББМ КММ «Шаттық» би тобы хореография жанры бойынша қазақ биін сахналап, жүлделі І орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ аталған мектептен Вокал номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Илесбек Арсен Нұрболатұлы «Мен қазақтың баласы» әнін орындап, жүлделі ІІ орын иемденді!
Өнерлі оқушылардың көркемдік жетекшісі: Ақылов Кенжехан.
ТҮРКІСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМДЕР ФЕСТИВАЛІ-2023
Түркістан қаласындағы №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының базасында Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығы, «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының онкүндік аясындағы қорытындысы өтуде. Ерекшелігі сол, бұл онкүндік — жаңаша форматта фестиваль ретінде ұйымдастырылды.
Фестиваль мақсаты: Педагогтердің басқарушылық қабілеттерін, әдістемелік, цифрлық және әмбебап құзыреттерін кешенді дамыту, жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту, білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдануды үйрету, білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.
Аталған іс-шараны Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы директорының инновация ісі жөніндегі орынбасары Руслан Есболғанұлы ашып берді. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Қожымбетова Айжан Мархабайқызы да сөз алып, әріптестеріне сәттілік тіледі. Фестиваль барысында облыстық Жастар орталығының мамандары «Ұстаздар quizi» зияткерлік сайысын жүргізді. 16 ауданның және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогтері топ-топқа бөлініп, қызықты да, тартысты жарыстар өткізді.
Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша;
І орын — Жетісай;
ІІ орын -Түлкібас;
ІІІ орын — Қазығұрт ауданы иеленді.
ОТЫРАР: ТАРИХ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Отырар ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тарих-география бірлестігінің айлық іс-шарасы басталды. Тарих-география, яғни «Ақиқат» бірлестігіндегі пән мамандары «Тарихты білу – ұлтты ұғыну» тақырыбында бұрыш жасап, тарих өткелдері мен географиялық картаны қабырғаға іліп, сәнді етіп безендірді. Әрі мектеп директорының қолға алған мектеп ішін безендіру ісіне атсалысып отыр. Айлық іс шараның ашылуы да әсерлі өтті. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында түрлі ойындар, биылғы мерейлі жылдарға, ұлылардың мерейтойларына қатысты, Тәуелсіздік шежіресі жайлы сұрақ-жауаптар айтылып, іс-шараның ашылуы есте қаларлықтай әсер берді. Алдағы айлық іс-шарада пән мұғалімдері 12 үлгілі ашық сабақ, сайыс сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, сабақтан тыс «Бабалар ізімен» квест ойынын, «Сұр мерген» ойынын, «Тамыры терең — қазақ елі» тақырыбында кеш өтетінін хабарлады.
«ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ-2023» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Үздік кітапханашы -2023» аудандық байқауы өтті.
Байқау мақсаты — кітапханашылардың шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін дамыту, кітапхананың беделін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін кітапханашыларды көтермелеу және ынталандыру.
Байқауға білім бөлімінің бас маманы Ә.Егізек, кітапханашы А.Наримова және білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен қазылар алқасы қатысты.
Байқау 2 турдан тұрады. 1 тур — «Креативті кітапханашы» тақырыбымен мамандар өздерінің жаңашыл шығармашылығымен таныстырады.
2 тур — «Кітапхана – оқырман-ата-ана» сабақтастығы жұмысының жүргізілуі.
Байқау қорытындысы бойынша Ш.Қалдаяқов атындағы жббм кітапханашысы Р.Абдуллаева бас жүлдені иеленіп, «Үздік кітапханашы -2023» облыстық байқауына жолдама алды.
I орын — Қ.Өміралиев атындағы жббм кітапханашысы Х.Алимкулова;
II орын — Макаренко атындағы жббм кітапханашысы К.Махатова;
III орын — Т.Рысқұлов атындағы м/л кітапханашысы Л.Демеуова.
РУХАНИ ШАБЫТ СЫЙЛАҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ
Арыс қаласы И.Журба атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында ақын-жазушы, журналист, сатирик, композитор, заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» шығармашылық кездесу кеші өтті.
Кеш барысында Әкім Ысқақ оқушылар мен ұстаздар арасында өзінің «Күн ұлымын» және «Біздің Баппақ» атты кітаптарының тұсауын кесті.
Ақын-жазушының өлеңдері мен шығармаларын 10 сынып оқушылары Оразәлі Ерасыл, Рахим Динара, Асылбай Нұрдаулет, 11 сынып оқушылары Абылжан Еркебұлан, Әсіпбек Аягөз, Бақытбек Нұрболат және қазақ тілі әдебиет пән мұғалімдері Дауылбаева Гүлмарал, Мырзабекова Гүлназ, Дүйсенбаева Гүлзейнеп және Бостанова Шолпан мәнерлеп оқыды. Аширбекова Асия «Бір адам бар» , Абишова Фарида «Қуантқым келеді», Мұсабаева Майра «Әдемі ай» әндерін орындап шықты.
Кездесуде түрлі ғибратты ойлар айтып, тәрбиелік мәні терең, тарихи маңызы бар патриоттық тақырыптар қозғалды.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА I ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты “Балалар өнер мектебінің» қобыз сыныбының оқытушылары Айткулова Айша, Қалмен Назерке Ташкент қаласында өткен “Азия таланттары” атты халықаралық өнер байқауында «Аспапта орындау» номинациясы бойынша 11-13 жас аралығында өнер көрсетіп, Елемес Назерке І орынды иеленді.
Сонымен қоса, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша 14-16 жас аралығы бойынша Самойлова Дарья өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл сапарда оқушылар байқауға қатысып қана қоймай, Өзбекстан елінің мәдениетімен, тарихымен танысып қайтты.
Алдыңғы мақала

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» БАЙҚАУЫНА 34 ПЕДАГОГ ҚАТЫСТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.