ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ! — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Среда, 27 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ!

ais_media ais_media
25.11.2023
Аймақ
0
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ!
0
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Жетісай аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
Жетісай ауданының білім бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектебінде қарашаның 24-і күні ұлағатты ұстаз, білім саласының үздігі Касанова Роза Нұржаханқызының зейнетке шығу құрметіне орай «Ұлағатты ұстазға құрмет!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Ұстаздық қызметін қалытқысыз атқарып, ерен еңбегімен таныла білген әріптестің өмір жорлымен танысудан бастау алған кеш ұжымдастардың ізгі тілектері мен оқушылардың концерттік қойылымдарына ұласты. Кеш барысында мектеп директоры Татибаев Тұңғат Серікұлы мен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Оралбаев Құламан Орынбасарұлы мерейтой иесін мектеп ұжымы мен аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті атынан құттықтап, Алғыс хат пен сый-сияпаттарын табыс етті.
Мектеп оркестрінің орындауындағы күмбірлеген күй әуенімен бастау алған іс-шара барысында тәжірибелі ұстазға жас әріптестері қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мамандық жұмысы туралы өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алып отырса, ұлағатты ұстаздың сүйікті шәкірттері ән мен би өнерін паш етіп, мерейтой иесіне тарту етті. Осы орайда директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ниязбеков іс-шараны ұйымдастыру жұмысына жауапты болса, музыка пәнінің мұғалімі О.Утегенов концерттік бағдарламаны түзіп, өзі де Роза апайға арнап ән шырқап, кеш көрігін қыздырды.
Шара соңында мерейтой иесі Роза апай барлық әріптестер мен кеш қонақтарына ізгі тілек пен құрметтері үшін шынайы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
«КҮЗ ХАНЗАДАСЫ МЕН ХАНШАЙЫМЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Жетісай ауданы Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектебінде 20-24 қараша аралығында өткен «Сынып жетекшілер апталығы» аясында 8-10 сынып оқушылары арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауы өтті.
«Өзін-өзі таныстыру», «Сұрақтарға жауап беру», «Сән үлгісін көрсету», «Қолөнер көрмесін дайындау», «Өз өнерін көрсету» шарттары бойынша сынға түскен сайыскерлер жарыс жүлдесін төмендегі ретпен бөлісіті:
І орын:
8 «А» сынып оқушылары Мұрат Әскербек пен Сайлау Қазына
ІІ орын:
9 «А» сынып оқушылары Көпеш Құдайберген мен Қаржау Оразгүл;
9 «Ә» сынып оқушылары Дүйсенбек Асанәлі мен Қырымгерей Қарақат.
ІІІ орын:
10 «Ә» сынып оқушылары Сайын Әлихан мен Көбеген Алима;
10 «А» сынып оқушылары Сәрсеналы Азамат пен Нұрғабыл Сабина;
8 «Ә» сынып оқушылары Ұзақбай Шыңғыс пен Батырхан Әсемай.
Мектептің аға тәлімгері Ш.Махмудованың ұйымдастыруымен қызықты да тартысты өткен байқау көпшілік көңілінен шығып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.
ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІНДЕГІ «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ»
Жетісай ауданы «Қ.Сәтбаев атындағы √48 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бала басты байлығымыз, ал ең асылымыз — оның тәрбиесі» тақырыбы аясында өткізілген сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес 2023 жылғы 24 қараша күні 6 «А» сынып жетекшісі Г.Ширдебаева, 6″Ә» сынып жетекшісі Ш.Айдарбекова, 7″А» сынып жетекшісі А.Бакирамова, 7″Ә» сынып жетекшісі А.Аймақованың ұйымдастыруымен «Әжелер мектебі» мүшелерінің қатысуымен «Ертегі танымның көзі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектеп директоры Д.Ахылбаева қатысып, асыл әжелерге ыстық лебізін білдірді. Асыл әжелеріміз асыл қазынамыздан, тәрбиелік мәні зор халқымыздың ертегілерінен майын тамызып әңгімелеп берді. Осындай әжелеріміз барда ұлттық құндылықтарымыз балаларымыздың бойынан табылатыны сөзсіз екені баршамызға аян. Кездесу өте тартымды өтті. Асыл әжелеріміз сабақ соңында мектеп ұжымына алғыстарын айтып, өздерінің ризашылығын білдірді.
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ—ЖАУАПТЫ ІС
Жетісай ауданы N11″Жеңіс» мектеп-гимназия»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20.11 —24.11.2023ж. күндері аралығында «Заманауи сынып жетекшінің педагогикалық шеберлігі» атты сынып жетекшілер апталығының жоспарына сай 9 «А»,» Ә», «Б»,» В», «Г»,» Д» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері К.Үмбетова, С.Керимова, Ж.Бижигитова, Л.Бектемирова, Б.Қасқырбаева, А.Алтынбековалар ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау —жауапты іс» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының өткізудегі басты мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ҰЛ, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы аудандық білім бөліміне қарасты «А.Байтұрсынов атындағы N5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие», «Аталар мектебі» аясында «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында 10 сынып оқушылары мен әкелерін қатыстырып, сынып жетекшілер Есенбекова Гулмира, Айдынбекова Гульсара, Шамшиева Замира апайлар дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, шешендігін, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың өз елін қастерлеуге, халық дәстүрін, Отанын сүюге, қазақтың киелі, қасиетті санын есте сақтауға, жеті атасын білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі пікірталас түрінде өрбіді. Қызықты, тәрбиелік мәні зор, үлгі-өнегеге толы болды. Оқушылар жеті санының киесін айтып, жеті қазына, жеті жұт, жеті амал, жеті ұрпақ, жеті ата, т.с.с. дүниелермен бөлісті. Жеті аталарын айтып, бөлісті. Тәрбиелік мәні бар видеоролик тамашалап, пікірталасты. Кешке ата-аналар комитетінің төрағасы Нуралиев Данияр, ата-ана Мизамов Аманбек мырза, ата-ана Ерубай мырза қатысты.
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҚАРҚЫНДЫ ЕҢБЕК
Rumcdo Mon RK Жетісай Ауданы Білім Бөлімі Жетісай Ауданы Шығармашылық Орталығы Облыстық Әдістемелік Орталығы Жетісай Ауданы Білім Бөлімі мен Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 24 қарашасы күні Жетісай ауданының Білім беру мектептерінің қосымша білім беру педагогтары арасында «Қосымша білім беру педагогтарының шеберлігін арттыру» атты семинар тренинг болып өтті. Мақсаты: Қосымша білім беру жүйесін сақтау және дамыту жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытуда олардың рөлін арттыру. Қорыта келгенде семинар тренингке келген қосымша білім беру педагогтары өздерінің пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта тәрбие бағыттары бойынша іс шараларды біркелікте өткізуге ұсыныстар жасады.
STREET WORKOUT»  турникке тартылу бойынша өтті
Жетісай ауданы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен субмәдениетті дамыту» бағытындағы кешенді спорттық жобасы аясында аудандық «STREET WORKOUT»  турникке тартылу бойынша өтті. Турнирге Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты әр мектептен ең мықты 9-11 сыныптың ер балалары арасынан 1 оқушы және 35 жасқа дейінгі мұғалім үміткер қатыса алады. Турнир 3 турдан болды. 1. Силовой шығу, 2. 10 кг жүкпен иекке дейін тартылу, 3. Брусьяда 10 кг жүкпен жаттығу жасау. Осы үш турдың қосындысымен С.Сейфуллин атындағы N52 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 «Ә» сынып оқушысы Нармуратов Хайтбай Мансурович «бас жүлдегі» иеленді. Ұймдастыру тарапынан оқушымызға жаңа телевизор сыйлыққа берілді.
ТОЛЫҚ ОЙЛАУҒА МАШЫҚТАНУ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТА
Жетісай Ауданы Білім Бөліміне қарасты мектептер арасында Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан «ұлттық мектеп лигасы» аясында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған жарыста №51«Дәуір» ЖББМ КММ-нің 9-10-11-сынып оқушылары 1-орынды иеленіп, облыстық аймақтық жарысына жолдама алды.
Сомен қатар Жетісай ауданы бойынша 7—8- сынып қыздары арасында «ұлттық мектеп лигасы» Волейбол жарысынан №51 «Дәуір» ЖББМ қыздар командасы 1-орынды иеленіп, облыстық аймақтық жарысына жолдама алды.
Алдыңғы мақала

ШАРДАРАЛЫҚ ЖОМАРТ ЖҮРЕКТІ КӘСІПКЕР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕГЕН СЕМИНАР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Мақсат — білімді, зияткер ұрпақты тәрбиелеу

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕГЕН СЕМИНАР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.