ТҮЛКІБАСТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Среда, 27 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮЛКІБАСТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ais_media ais_media
25.11.2023
Аймақ
0
ТҮЛКІБАСТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
0
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
ТҮЛКІБАСТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім саласындағы басты міндет — әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
Осы орайда Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» жылдық жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 13 қараша күні Түлкібас ауданының Ә.Молдағұлова атындағы ЖББМ базасында облыстың ағылшын тілі пәні педагогтері тәжірибе алмасу шеңберінде бас қосты.
«Ағылшын тілі пәнінен тапсырмаларды құрастыру, қолдану және талдау» тақырыбында өткізілген облыстық тәжірибелік семинарға «Білім беруді дамыту орталығының» шетел тілдері пәні әдіскері Мақсат Әбдіжаппарұлы, Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Сұлушаш Андешқызы қатысып, заманауи ғылыми зерттеулер мен оқытудың алдыңғы қатарлы интерактивті технологияларына негізделген Түлкібас ауданының мұғалімдерінің тәжірибе алмасу барысындағы сабақтарына оң бағасын берді.
Семинар барысында аудан педагогтері тренингтер арқылы сабақ сапасын арттыру жолдары мен әдістері туралы ой қозғау жүргізді. Семинарға қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, шебер ұстаздар тәжірибелерімен өзара кеңінен бөлісті.
ЖОЛ КАРТАСЫ
Білім беруді дамыту орталығының «Тілдерді дамыту» кафедрасы 2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес 17 қараша күні Сауран ауданы «Қарашық» ЖББМ базасында «Аралас мектептерде мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру» тақырыбындағы жоба аясында зерттеу жұмысы ұйымдастырылды.
Зерттеу жұмысына Кентау қаласынан М.Қашғари атындағы мектеп-лицейі, Сауран ауданынан Төлеби, А.Югнаки, А.Яссауи атындағы жалпы білім беру мектептері, «Тұран», «Қарашық» білім беру мектептері, Түркістан қаласынан Хамза атындағы №2, Р.Исетов атындағы №20, А. Науаи, С.Рахимов, Е.Иззатуллаев атындағы жалпы білім беру мектептерінің педагогтері қатысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
— қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін арттыру;
— тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу;
— негізгі пәндерді мақсатты тілде (қазақ) оқытуда оқушылардың білім сапасын жетілдіру.
Осы зерттеу жұмысына тірек мектебі ретінде алынған мол тәжірибеге ие Кентау қаласына қарасты Махмуд Қашғари атындағы мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Маменов Турар өз мектебі тәжірибесінен алынған «Билингвальді және көптілді білім беруді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу жолдары» тақырыбындағы таныстырылымы арқылы бұл зерттеудің аралас мектептердің дамуына берері мол екендігі туралы анық дәлелдермен бөлісті.
Зерттеу жұмысы 3 бағыт /бастауыш сыныптар, қоғамдық-гуманитарлық, жартылыстану-математикалық/ бойынша шебер-сыныптарда жалғасын тапты.
Шебер-сыныптарда әр педагог өз мектебінің зерттеу бойынша алғашқы қадамдарын анықтап, бейіндік моделін жасаумен айналысты.
Іс-шараның соңында қатысушы педагогтер тарапынан зерттеу жұмысының жүргізілуі барысында кездесетін бір қатар кедергілер туралы өте көп сұрақтар берілді. Оларға білім беруді дамыту орталығы әдіскерлері жауаптар беріп, тиісті тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта жоспар бойынша М.Қашғари атындағы мектеп-лицей базасында тәжірибелі педагогтар сабақтарына ену, тәжірибе алмасу барысы ұйымдастырылатыны ескертілді.
ОНКҮНДІК
2023 жылы 16 қараша күні Түркістан қаласы Хамза атындағы ЖББМ базасында аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдары директор орынбасарларының дайындығын әдістемелік сүйемелдеу, кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беру ұйымдарын басқарудың озық үлгісімен таныстыру, пікір алмасу мақсатында «Басшы лауазымына үміткер кандидаттың кәсіби құзыреттілігін дамыту» /Басшы лауазымына тағайындау туралы ҚРБжҒМ
2012 ж. 21 ақпандағы № 57 бұйрығы/ тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында «Басшы лауазымына тағайындалу туралы» ҚР БжҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы, Конкурстық комиссияның әңгімелесу кезеңі: тақырыптық бағыттары, дайындалу жолдары, мектеп директорының көшбасшылық қасиетін дамыту, білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары, ұйымдастыру және жүзеге асыру, Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар, қолданыстағы еңбек заңының негіздері талқыланды.
Семинарға «Білім беруді дамыту орталығының» директоры — Бақытжан Нұрмағанбетұлы, «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедра меңгерушісі — Жунисова Назым, әдіскер — Тлеулиев Самат, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы — заңгері Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Шымкент қ. филиалы Педагогикалық шеберлік орталығының менеджері — Кожымбетова Айжан Мархабаевна, Кентау қаласы, Д.Қонаев атындағы ЖББМ-тің директоры — Тажимбетова Гүлжахан Мырзаханқызы, Отырар ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры — Сыздықәлі Айнұр қатысып өз тәжіриебелерімен бөлісті.
Түркістан облысы жалпы орта мектептерімен мамандандырылған білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, жалпы 60 адам қатысты.
ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ ЖЕТІСАЙДА
Білім беру дамыту орталығының әдіскерлері 16-17 қарашада жылдық жоспарға сәйкес «ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АЯСЫНДА ЖАН-ЖАҚТЫ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМЫҒАН ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ» тақырыбында әдістемелік десант жоспарлаған болатын.
Әдістемелік десанттың өткізілу орны Жетісай қаласының білім беру ұйымдары:
№7 «Тұран» МГ, №59 Я.Есенбеков ЖББМ, №54 І.Есенберлин ЖББМ, №43 М.Маңғытаев ЖББМ, №9 Д.Қонаев ІТ МЛ, №73 ЖББМ, №4 Абай МГ, №12 Әл-Фараби ЖББМ, №6 Б.Момышұлы МГ,  №11 «Жеңіс» МГ.
Әдістемелік десанттың мақсаты:
— Жетісай қаласының білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша ақпараттық жұмыстар, әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу жүргізу.
Әдістемелік десантқа қатысушылар санаты: Жетісай қаласының білім бөлімінің әдіскерлері, қала педагогтері.
ОРДАБАСЫЛЫҚТАР ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
Облыстық «Білім беруді дамыту орталығының» орыс тілі және әдебиеті пәні әдіскері Gulnara Bopieva ұйымдастыруымен 10-қараша күні Ордабасы ауданының Амангелді атындағы ЖББМ базасында «Орыс тілі және әдебиеті сабақтарында оқу мақсаттарын жүзеге асыру» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыстың орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Ордабасы ауданының орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері мен аудандық білім бөлімі әдіскерінің ұйымдастыруымен — «Жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», «Авторлық бағдарлама»,
«Оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстары»,
«ҚМЖ құрастыру», «Орыс тілі және әдебиеті сабақтарында оқу мақсаттарын жүзеге асыру» сияқты аз уақыттың ішінде бес жобаны жүзеге асырған болатын.
Облыстық семинарда ауданның алдыңғы қатарлы мұғалімдері шебер-сыныптар өтіп, облыс педагогтерімен сабақта оқу мақсаттарына қол жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар мектепте ұйымдастырылған әдістемелік көрмеде жобалық қызметтің нәтижелеріне көз жеткізді.
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМДЕР ФЕСТИВАЛІ-2023

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.