Түркістан қаласы Farab әмбебап-ғылыми кітапханасында «TURKSOY» Республикалық өнер байқауы өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас өнерпаздардың басын қосқан «TURKSOY» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Осы байқауға қатысқан Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты №41 М.Оразалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Кәусар Нұрланқызы «Бейнелеу өнері» жанры бойынша үздік өнер көрсеткені үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ дарынды оқушы Кәусар Нұрланқызы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында 17-18 қараша күндері өткен «Азия таланттары» Халықаралық өнер байқауына қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін «Бейнелеу өнері» жанры бойынша I дәрежелі диплом және медальмен марапатталды.