Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ГРАНТ АЛЫП БЕРУГЕ УӘДЕ ЕТКЕН АЗАМАТТАРҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ГРАНТ АЛЫП БЕРУГЕ УӘДЕ ЕТКЕН АЗАМАТТАРҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

    19.01.2024
    Өткен жылдың желтоқсан айында 28 түркістандық кәсіпкерді қайтарымсыз грант алып беремін деп сан соқтырған 1995 жылы туған Д. есімді азамат ұсталды. Алаяқтың арбауына іліккендердің әрқайсысына 700 мың мен 1,1 млн теңге көлемінде шығын келген. Бөтеннің қаржысын заңсыз, оңай жолмен иемденуді көздеген азамат қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен қолға түсті. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
    Бұдан бөлек, 1990 жылы туған Д. есімді азаматшаның алаяқтық бойынша ісі сот өндірісіне өткен. Жалпы былтыр қалалық полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 250-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның 48-і грант алуға жәрдемдесемін деген алаяқтыққа сеніп қалған жәбірленушілерден түскен арыз.
    – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау, тегін кеңес беру, бизнес жобалар әзірлеу мен сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетеді. Ал, қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие құзыретті мекемелер арқылы беріледі. Жуырда Жетісай ауданында алаяқтар бірнеше кәсіпкердің электронды поштасына қайтарымсыз 5 млн теңге алу мақұлдануына байланысты жеке деректерін жолдауды сұрап хат жолдаған. Бұл істі полиция қадағалуға алып, міндетті түрде тиісті шара қолданылады, – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова.
    Түркістан ҚПБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Нұртаза Алтанның айтуынша, соңғы уақытта интернет алаяқтықтыққа да алданған тұрғындар саны артқан. Құқық қорғау саласының қызметкерлері мүгедектікке шығаруға, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуына, мемлекеттік грант алуға көмектесемін немесе қандайда бір банк менеджерімін деп қоңырау шалған күдікті азаматтарға сенбеу керегін ескертеді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.