Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»ЗАҢ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ
    Қоғам

    ЗАҢ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

    22.01.2024

    Түркістан тұрғындарына заң үстемдігін сезіндіру мен түсіндіру жолында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соңғы кездері қоғамымызда тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының көбейіп кетуі байқалады. Атап өтер жайт, зорлық-зомбылық тек жәбірленушілер құқығын бұзып қоймай, өскелең ұрпақтың санасына да кері әсерін тигізеді. Статистика бойынша, отбасындағы зорлық-зомбылық көбінесе әйел адамдарға қатысты жасалады екен. Егде адамдар мен балалардың да зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын кезі аз емес. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін бірнеше жыл бұрын   елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң да қабылданды.

    Бұл заң зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды және отбасылық жанжалға қатысты қылмыстық-процестік мәжбүрлеуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуді көздейді. Бүгінгі таңда осы заң аясында отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың азаюына аз да болса қол жеткізілді. Алайда бұл мәселе әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік мәселе болып қалып отыр. Көптеген құқық бұзушылар жазасыз қалуда, ал зорлық-зомбылық фактілері тіркелмейді. Сол себепті бүгін таңда отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың жаңа жолдарын іздестіру қажеттілігі сезілуде. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. 2019 жылдың басынан бері «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында заңсыздықтың алдын алуға, құқықбұзушылықтарды болдырмауға, істі келісіммен шешуге көңіл бөлініп келе жатыр. Яғни, Жоғарғы Сот соттар алдына тек жанжалдасушы тараптарды татуластырып қана қоймай, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы міндет қойды. Зорлық-зомбылықты бастан кешірген жәбірленушілердің көбі нәзік жандылар және олар ұятты, балаларының ертеңін ойлап, құқық бұзушыны кешіріп жатады. Осы орайда, отбасылық судья тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануын болдырмауға күш салып, тараптарға түрлі мамандардың көмегін ұсынады. Сондай-ақ, «Отбасылық сот» істерді қарау кезінде әр отбасының жағдайын жеке-жеке қарастырады: жанжалдардың себептерін анықтайды, агрессор құрбандарына көмектеседі. Бұл да болса отбасындағы зорлық көрсетуші тұлғаға қарсы қоғам тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың бірі.

    Сонымен қатар, зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби. Ана мен бала құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, құқығының бұзылмауына ықпал ету керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу — бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар әрбір адамның міндеті. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, зорлық көрген баланың өскен соң қатігез болатынын ұмытпайық.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    09.10.2026

    🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.