Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ КӘСІП ЕТІП ОТЫР
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ КӘСІП ЕТІП ОТЫР

    15.02.2024
    Арыс қаласы, Ақдала елді мекенінде тұратын Есенқұловтардың шаңырағы ұлттық қолөнерді кәсіп етіп, шағын шеберхана ашқан. Отбасылық кәсіпті қолға алған Алмагүл Шереханқызы мен Нартай Есенқұлов 2020 жылы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қолдауымен 555 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болған. Басында тек жүн өндірумен айналысса, кейіннен ерлер мен әйелдерге және балаларға арналған ұлттық нақыштағы киімдерді тіккен.
    «Анамның жанында жүріп қой қырқып, жүн сабап, ұршық иіріп, киіз басып, алаша тоқып өстім. Үлкен ұлым Ерболат отбасылық кәсібімізді ағаш өңдеумен толықтырып, ыдыс-аяқ және ұлттық аспаптар жасай бастады. Ол да кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грант иегері атанып, екінші шеберхана аштық. Ал кіші ұлым Ердәулет Түркия елінде былғарыдан бұйым жасауды үйреніп келіп, бізді де сол кәсіпке баулыды. Қазір былғарымен айналысып жатқанымызға үш жылдай уақыт болды. Сонымен қатар, былтыр 900-ге жуық үміткердің арасынан жеңімпаз атанып, 5 млн. теңгелік гранттың арқасында былғарыдан кебіс, аяқ киім түрлерін тігуде де қолға алдық. Одан бөлек, кенжеміз суда сурет салу, сазбалшықтан бұйым жасау секілді өнерді үйреніп жатыр. Алдағы уақытта бұл бағыттарды да іске асырамыз. Жалпы өнімдерімізге деген сұраныс өте жоғары», — дейді шебер ана.
    Алмагүл Шереханқызының сөзінше, ол бірнеше жыл бұрын шаштараз ашып, әлі күнге дейін оқушылардың шашын қиюмен айналысады. Одан бөлек, қыз ұзату, бесік той, тұсаукесер секілді тойларды 14 жылдан бері басқарып келеді. Сонымен қатар, бүгінде 6 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Қосымша жұмыс күшін тарту үшін мансап орталығы ұсынатын «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» сынды бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланған.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.