Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА ӘДІСПЕН ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛУДЕ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА ӘДІСПЕН ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІЛУДЕ

16.02.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекеніндегі құлпынай өсірумен айналысатын «Абдураман» шаруа қожалығында болды.
Жеке кәсіпкер жылыжай шаруашылығын дамытуға заманауи технологияны енгізіп, құлпынай өндірісін қолға алып отыр. 2023 жылы жұмысын бастаған жобаның инвестициялық құны 300 млн теңгені құрайды. Жаңа заманауи технологиямен шаруасын дамытып отырған кәсіпкер Аширафи Шимбергенов 2,5 га алқапта жылу жүйесін қажет етпейтін заманауи үлгіде жылыжай құрылысын салып, құлпынай өсіруде. Жаңа технологиядағы жабық топырақтағы құлпынай аумағы – 13 гектар. Мұнда тұрғындар 15 тұрақты, 40 маусымдық жұмыспен қамтылған. Жылыжайдың ерекшелігі – күн сәулесі және арнайы тігілген көрпешелер арқылы өсіріледі. Қожалық иесінің сөзінше, өнімділік 3 жыл ішінде кемінде 50 тонна өнім береді.
10 жылдық тәжірибесі бар жеке кәсіпкер Италия және Нидерланд елінде осы саладағы кәсіби мамандармен тәжірибе алмасқан. Қазіргі таңда жоба технологиясы бойынша құлпынайларды ашық далада тығыз орналастыру және күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Тамшылатып суарудың автоматты жүйесі қолданылған. Нәзік дақылды өсірудің қыр-сырын меңгерген кәсіпкер Кореядан ұрық алдырып, көшеттерін өзі өсіріп, ішкі нарыққа саудалауда.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кәсібін дөңгелетіп отырған азаматпен кездесіп, алдағы жоспарларын тыңдады. Шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.
Бүгінде Сарыағашта құлпынай өсірушілер қатары артып келеді. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жалғасады.
Облыс әкімі Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі аумағындағы жеке кәсіпкер Андасов Амантайдың кәсіпорнында болды. Жеке кәсіпкер «Амантай-Пласт» ұжымы жалпы құны 150,0 млн теңгені құрайтын пластикалық өнімдер шығару цехын ашуда. Кәсіпкер өз қаражаты және «Ауыл аманаты» жобасы аясында 8,0 млн теңге несие алып Қытай Халық Республикасының «Yumoto» компаниясынан арнайы 3 қондырғы алып келген. Цехта тәулігіне 4000 дана пластикалық жәшік шығарылуда. 25 адам тұрақты жұмыс орындармен қамтылған.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.