Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»Г.ҚҰРМАНБЕКОВА: ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – АЙБЫНДЫ ЖАСТАР!
    Қоғам

    Г.ҚҰРМАНБЕКОВА: ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – АЙБЫНДЫ ЖАСТАР!

    31.01.2024
    Қорғаныс министрлігінің Ақпараттық десанты Арыс қаласының әскерге шақырылуға дейінгі жастарымен бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар өткізді. Жастар үшін Қазақстанның қазіргі заманғы армиясының түрлі қару-жарақтары ұсынылды, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ғасырлық мерейтойына арналған «Халық жүрегіндегі батыр» көшпелі көрмесіне экскурсия өткізілді.
    Жиынға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, ҚР ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстары департаментінің өкілі подполковник Дәулет Бейсеков, ардагерлер мен сарбаздар, әскери патриоттық клуб мүшелері, оқушылар қатысты.
    Шаһар басшысы мұндай акцияның жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастырудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.
    «Арыс қаласының жастары дәстүрлі түрде өткізілетін «Айбын» әскери-патриоттық жарыстарынан ешқашан жүлдесіз қайтқан емес. Бұл біздер үшін үлкен мақтаныш. Оындай тағылымы мол шаралар Арыстың отаншыл жастарының көбеюіне зор септігін тигізеді деп санаймын. Өйткені — егемен елдің ертеңі – айбынды жастар!» — деді Гүлжан Мамытқызы.
    Қаламыздағы екі мектепте өткізілген іс-шаралардың мақсаты жастарға заманауи әскери жетістіктерді көрсету ғана емес, сонымен қатар Отан қорғаушы мамандығының маңыздылығы туралы айту болды. Кәсіби әскери қызметшілер өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, тыңдаушыларды болашақ Отан қорғаушыға да, кез келген адамға да қажетті моральдық-психологиялық қасиеттермен «қаруландыруға» тырысты.
    — Осындай шаралар арқасында қатысушыларымыз «өз елінің азаматы болу» ұғымының мағынасын жақсы түсіне алды. Іс-шаралар барысында жастарға әскери қызметпен танысуға және практикалық дағдылар алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларда патриоттық рух пен азаматтық міндеттер туралы хабардар етті. Бұл елімізді және оның құндылықтарын қорғауға дайын жастар аудиториясын құруға ықпал етеді, — деп атап өтті подполковник Дәулет Бейсеков.
    Мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні де болды. Жергілікті мектептер мен оқу орындарының студенттері әскери қызметтің физика, математика, инженерия және т.б. сияқты әртүрлі ғылымдармен қалай байланысты екенін көрді. Бұл оларға әскери саладағы мамандықтардың қаншалықты алуан түрлі және қызықты екеніне көз жеткізуге мүмкіндік берді.
    Бұдан кейін, қалалық мәдениет үйінде ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің әншілері концерт қойып, көрермендерге елге деген мақтаныш сезімін ұялатқан керемет көңіл-күй сыйлады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    09.10.2026

    🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.