Шардара қаласында орналасқан М.Горький жалпы орта мектебінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев қатысты.
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов: Деструктивті сипаттағы теріс діни ағымдарға ерген жастар аят — хадистерде айтылған жайттардың астарындағы даналыққа үңілмеді, діни мәтіндерге үстірт қарады, тарихты оқымады, мәдениетті елемеді, келте діни түсінікпен ата — ана, туыс — туған, дос — жарандарынан безінді, дәстүріне қарсы шықты, қабірлерді қиратты, мемлекеттік билігіне қару алып қарсы тұрып, кейбір зайырлы білім пәндерін қабылдамады, қоғамнан оқшауланып, өздерінен басқаларды адасушы деп түсінді, біржақтылыққа ұрынды. Мемлекеттік рәміздерді және түрлі мерекелерді құрметтемейді. Қазақстандағы көпшілік ұстанатын ханафи мәзһабын жоққа шығарады. Орта Азияда және мұсылман әлемінің басқа аймақтарында орныққан діни мектептерді ешқашан құптамайды деп сөзін қорытындылады.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев: Жастардың діни сауаттылығы — қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Олардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі — білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Қазіргі жастардың дінге деген қызығушылығы мен бетбұрысы өте жоғары деңгейде және жылдам жүруде. Деструктивті ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтармен жұмыс барысында аңғарғанымыздай, олардың құрығына көбіне 14 пен 29 жас аралығындағы жастар ілігеді. Әдетте, мұны интернеттің кең қолданысқа енуімен байланыстырамыз. Жастарымыз жаңалыққа құштар, дүниені ғаламтордағы ақпараттар арқылы қабылдайды. Осындай жастар діни жат ағым өкілдерінің ортасына түскен кезде қамқорлыққа алынады. Тіпті, кейбір жағдайларда кәсіптерін жүргізуге, аяқтан тұруларына көмектеседі. Оларды бауырым деп атап, өз жағына шығара бастайды. Үйіне қонаққа шақырып, кәдімгідей қамқорлық танытады деп сөзін қорытындылады.