Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ТІЛ БІЛЕТІН ЖАС ПОЛИГЛОТ ТҰРАДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ТІЛ БІЛЕТІН ЖАС ПОЛИГЛОТ ТҰРАДЫ

    31.05.2024
    Түркістан облысы, Жетісай ауданында 8 тіл білетін жас полиглот тұрады. Оның аты-жөні – Сачиди Шахназ Разандиқызы. Шахназ Түркістан облыстық иран этномәдени бірлестігінің мүшесі. Ол 1999 жылы Абай ауылдық округіне қарасты Жүзімдік ауылында дүниеге келген. Ауылдағы №21 Ю.Гагарин атындағы ЖББМ-де 2017 жылы мектепті тәмамдаған. 2018-2022 жылдар аралығында Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде екі шет тілі мамандығы бойынша білім алған.
    Шахназ қазіргі таңда сегіз тілді жетік меңгерген. Алты тілді бала кезден өз қызығушылығымен үйренген. Атап айтсақ, қазақ, орыс, өзбек, парсы, түрік, әзербайжан тілдері. Ал ағылшын тілі мен қытай тілін университет қабырғасында оқып жүріп үйренген. 2023-2024 жылдары аралығында «Шабыт» шығармашылық орталығында «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмыс істеген.
    – «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың» деген сөз бар. Мен шет тілдерін үйренуге бала кезімнен қызықтым. Өйткені тіл арқылы адам өзге елдің мәдениетін, ұлттық ерекшелігін танып-біліп, таным көкжиегін кеңейте түседі. Әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әл-Фараби жетпіске жуық тіл білген. Тіл білуінің арқасында рухани ілім-білім қалыптастырған. Шет тілін білген жақсы, әрине. Дегенмен, Қазақстанда тұратын азаматтарға айтарым, ұлтыңызға, жасыңызға қарамай, мемлекеттік тілді үйренуге ұмтылыңыз дегім келеді. Бұл – Отанға, елге деген құрметтің белгісі әрі мемлекеттік тіл барлығымызды біріктіреді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяуда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында «Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз», деді. Сондықтан мемлекеттік тілді үйрену – әр қазақстандықтың азаматтық парызы деп есептеймін, – дейді полиглот қыз.
    Шахназдың ендігі арманы – Қытай елінде білімін жетілдіріп, туған жерге оралып, өзінің жеке оқу орталығын ашу. Мектепте ұстаздық етіп, оқушыларды білім нәрімен сусындатқысы келеді.
    Еске сала кетсек, бүгінгі таңда Түркістан облысындағы Ассамблея құрылымдарының ұйытқы болуымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шаралар өтуде. Өңірдің барлық аудан, қалаларында Мәдениет және туризм басқармасына қарасты тіл орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылы осы курстарға 4 мыңға жуық адам қамтылды. Облыстағы этнос өкілдерінің 92 пайызы қазақ тілін жетік біледі, құрмет тұтады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.