Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: АҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ЗАҢ АЯСЫНДА ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛГЕНІН БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: АҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ЗАҢ АЯСЫНДА ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛГЕНІН БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

15.07.2024
Субсидияланған жұмыс орындарының бірі ақылы қоғамдық жұмыс орындары болып табылады. Өңірде биыл қоғамдық жұмыстарға 14 мыңға жуық жұмыссыз азаматтарды жолдау жоспарланып, нәтижесінде, 13,6 мың адам қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Осы орайда, қоғамдық жұмыстарға қатысты заң шеңберінде бірқатар өзгерістер орын алуда.
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі «Әлеуметтік Кодексі» №224-VII Кодексінің 111-бап, 10-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыратын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» №476 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.
Биыл қоғамдық жұмыс орындарына жолданатын азаматтарға бекітілген жалақы мөлшері 88 608 теңгені құрайды. Бұл шешім, 2024 жылғы 31 қаңтардағы №53 қаулысы мен өткен жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары» аясындағы №275 бұйрығы мен 2024 жылдың 27 ақпандағы №3 “Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия отырысының” хаттамасының 2.1.2 тармағына сәйкес қабылданған.
Яғни қаулыда көрсетілген еңбекақы мөлшері экологиялық үстемақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақын ескермегенде заң шеңберінде қамтамасыз етілсін делінген.
Бұл ретте, ақылы қоғамдық жұмыс орнында қызмет атқаратын азаматтар білуі шарт қағидалар бар. Жалпы ақылы қоғамдық жұмысқа жолданатын азаматтарға белгіленген 88 608 теңге жалақы мөлшерінен ұсталатын салықтар мен міндетті аударымдарды білгеніңіз абзал!
— әлеуметтік салық 3817 теңге;
— әлеуметтік аударымдар 2975 теңге;
— міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 2383 теңге;
— есептелген жалақы 79433 теңге;
— міндетті зейнетақы жарналары 7943теңге;
— табыс салығы 198 теңге ұсталынып, азаматтың қолға тиесілі жалақысы 71 292 теңгені құрайды.
Әлеуметтік кодекстің 248-бабына сәйкес I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, егер мүгедектіктің мерзімі белгісіз болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады және I, II топтағы мүгедектігі бар азаматтардан жеке табыс салығы алынбайды.
Барлық субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушылардың еңбекақы жалақыларын есептеу және төлеу, ҚР Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының талаптарына және 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 113-бап, 1-тармағына сәйкес, жұмыс атқарған айдың 25-30 күндері аралығында жұмыс берушілермен табельдері жабылған жағдайда келесі айдың бірінші онкүндігінде жалақысы төленетін болады.
Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде жұмыссыздықты азайту мақсатында жүргізіліп жатқан жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, алғашқы жұмыс орындары, күміс жас жобасы мен субсидияланатын жұмыс орындарына азаматтар жолданып, тұрақты жұмыспен қамтылып келеді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.