Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КЕДЕЙЛІК ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КЕДЕЙЛІК ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

    15.07.2024
    Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру, аз қамтылған отбасылар санын азайтып, табысын арттыру шаралары жүйелі жүргізіліп келеді. Биыл өңір тұрғындары арасында жұмыссыздық деңгейін 4,9%-дан, кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау көзделеді.
    Өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты тұрақты жұмыспен қамту шаралары қарқын алғаны белгілі. Бұл бағытта биыл облыс әкімінің ұйытқы болуымен 118,9 мың жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілді. Яғни, өңір тұрғындары арасынан 108 мың адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, ал қалған 3,7 мың тұрғын ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналаса алады, оған қоса грант және шағын несие беру бойынша жұмыстар жүйеленіп келеді.
    Облыста экономикалық салаларға сәйкес іске асырылып жатқан жаңа жұмыс орындары мен инфрақұрылымдық жобаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Сонымен қатар ағымдағы жылдың шілде айында 176 жоба қолға алынып, 1 248 жұмыс орны ашылған.
    Сондай-ақ субсидияланған жұмыс орындарының бірі қоғамдық жұмыс орындары болып табылады. 2024 жылы қоғамдық жұмысқа 14 мыңға жуық жұмыссыз азаматтарды жолдау жоспарланып, нәтижесінде 13,6 мың адам қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Осы тұста қоғамдық жұмыс орындарына жолданғандардың ішінен «Таза Қазақстан» акциясы негізінде 8,5 мың адам жұмысқа орналасты.
    Жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, алғашқы жұмыс орындары, күміс жас жобасы мен субсидияланатын жұмыс орындарына 23,5 мың азаматтар жолданып, тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылып келеді.
    Қайтарымсыз грант беру бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 1 793 адамға грант беру жоспарланып, өткізілген 1-ші лектің нәтижесімен 893 адамға бизнес идеяларды іске асыруға грант берілді.
    Жұмыспен қамту шараларын іске асыру аясында жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.
    Жалпы, облыста кедейлік деңгейін төмендету бағытында бірқатар маңызды жұмыстар қолға алынуда. Көрсеткіштерге сәйкес өңірде 116,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету мақсатында бюджет есебінен 12,2 млрд.теңге қаржы қаралған. Биылғы жартжылдықта 13 569 отбасыдағы 81 195 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл басынан бері өңірімізде аз қамтылған азаматтардың саны 10,8 мың адамға немесе 44%-ға азайды.
    Қабылданған шаралардың аясында аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халық санынан 3,8% құрады.
    Аталған бағытта аудан, қалаларда учаскелік комиссияның жұмысына, АӘК тағайындаудың дұрыстығына мониторинг жұмыстарын жүргізу, АӘК тағайындаудың заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізу сынды жұмыстар жауапты мамандардың тікелей қадағалауында.
    Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.