Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
    Аймақ

    ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    13.07.2024
    Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы өндіріс орындарын аралап, инсвестициялық жобалардың директорларымен кездесті.
    Аудан басшысы алдымен «ЗАРЕЧНОЕ» бірлескен кәсіпорны АҚ-ның Темір өндірістік базасында болып, өндіріс орнының жұмыс барысын аралап көрді.
    Аралау кезінде бас директор Қанат Нұржанов уранды жерасты ұңғылап шаймалау әдісі арқылы өндіру технологиясын дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісті.
    Аудан әкімі өндірісте ең басты мақсат қоршаған ортаның тазалығы мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау екенін айтып, экологиялық қауіпсіздік шараларын басты назарда ұстау керектігін атап өтті.
    Мұнан соң аудандағы «Шәуілдір» күн электр станциясының жұмысымен танысты.
    Италияның «Plenitude» компаниясының инвестициясы есебінен салынған бұл маңызды нысан – аталған компанияның Қазақстан Республикасы аумағындағы алғашқы күн электр станциясы. Қуаты 50 МВт электр станциясы «Plenitude» компаниясының құрылысын компанияның еншілес кәсіпорны «Arm Wind» ЖШС жүргізген. 93 мыңнан астам күн панелі мен қосалқы электр станциясы іске қосылған. Бұл тораптар ұзындығы 7,5 шақырым электр тасымалдау желісі арқылы жергілікті желіге біріктірілген.
    Аудан басшысы өңіріміздің дамуындағы маңызды қадамдардың бірі болған күн электр станциясының Отырар ауданы үшін маңыздылығын атап өтіп, заманауи жобаның игілігі арта беруіне тілектестігін білдірді.
    Сонымен бірге, бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының кезекті жұмыс сапары Темір ауыл округінде жалғасын тапты. Аудан басшысы елді мекендегі бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, өзекті мәселелермен танысты. Алдымен «Темір» жалпы білім беретін мектебінің материалдық-техникалық базасымен танысып, білім беру ұйымының жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады.
    1981 жылы салынған оқу ордасы бірнеше рет өз түлектерін түлетіп, есімі елге белгілі тұлғалы азаматтардың шығуына себепкер болған. Аталған білім ұясынан қанаттанып шыққан жастар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі салаларда еңбек етіп, ел экономикасының дамуына үлес қосып келеді. 40 жылдан аса тарихы бар мектеп қазіргі уақытта заман талабына сай жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Осы мақсатта Түркістан облыстық білім басқармасына ұсыныс енгізіліп, ағымдағы жылы орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
    Аудан әкімі мектептің жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу керектігін ескертіп, жаңа оқу жылына дейін мерзімінде аяқталуын қадағалауды тиісті сала басшыларына тапсырды.
    Мұнан соң елді мекендегі «Алпамыс» бөбекжай-бақшасының жай-күйін көріп, мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы жұмыстармен танысты.
    2016 жылы салынған балабақшада 20 педагог жұмыс істейді. Жалпы 140 баланы қамтитын мекемеде балаларға қажетті барлық жағдай жасалған. Балабақша қызметкерлерін толғандырып келген мәселенің бірі ғимараттың төменгі жертөлесінде жиналған ызасуды азайту. Аталған мәселені ауыл тұрғындары бұған дейін де бірнеше рет көтерген болатын.
    Аудан әкімі көтерілген мәселенің маңыздылығын айтып, жауапты сала басшыларына шешу жолдарын тауып, заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.