Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ МА?
    Аймақ

    АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ МА?

    16.07.2024

    Жалпы, қазір қоғамда талқыланып жатқан мәселелер жеткілікті. Соның бірі әрі халық үшін маңыздысының бірі – азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Қарапайым халықтың қалыпты өмір сүруіне күнделікті тұтынатын қарапайым тұрмыстық тауарлар ауадай қажет болса, оның ішінде азық-түліктің атқаратын рөлі басым. Азық-түліктің бағасы қолжетімсіз болған жағдайда ел тұрмысына айтарлықтай әсер етері сөзсіз. Бүгінгі таңда облыста азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне қатысты бағалардың өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар тұрақты жүргізіліп келеді.

    Осы орайда, осы жаздың басында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,1%-ға төмендеді. Бұл туралы Үкіметке өткен кеңесте вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Вице-премьердің айтуынша, Астана, Алматы және Шымкент қалаларына ірі көкөніс жеткізушілер бекітіледі. Қазірдің өзінде сауда комитетінің мәліметінше, соңғы аптада тауар мен көкөністердің 10 түрінің бағасы төмендеген. Олардың қатарында күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, сүзбе, 1 сұрыпты ұн, тауық жұмыртқасы, макарон өнімдері, сәбіз, пияз, қырыққабат секілді халық көп тұтынатын азық-түліктердің тізімі бар.
    Ал, облысымызда әлеуметтік-экономикалық даму бойынша аудан, қалалардың 2024 жылдың І тоқсанындағы рейтингі бойынша түрлі саладағы индикаторлар есептеліп, қорытындысы жарияланды. Бұл мәселеде облыс әкімі Дархан Сатыбалды көш соңында қалған аудан, қала әкімдеріне ескерту жасап, жұмысты жандандыруды тапсырды. Биылғы І тоқсанда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім байқалған. Көрсеткіштер былтырғыға қарағанда біршама жақсарған. Алайда, жекелеген аудан, қалаларда бірқатар индикаторлар орындалмаған. Өнеркәсіп пен өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі Мақтаарал, Шардара, Отырар, Сауран және Сарыағаш аудандарында орындалмаған. Негізгі капиталға тартылған инвестицияның нақты көлем индексі Кентау қаласы мен Мақтаарал, Отырар, Жетісай аудандарында төмен. Облыс басшысы белгіленген көрсеткіштердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ете отырып, басты бағыттар – инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы саласы мен туризмді дамытуды қолға алуды тапсырған болатын. Биылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша да облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында оң динамика сақталды. Жалпы рейтингте 37 индикатор жоспарланған.
    Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков егістіктен алынған жаңа өнімнің бағасы тұрақсыз және күн сайын өзгеріп отыратынын ескертті. Алайда, әкімдіктердің ерте шығатын өнімге келісімшарттарды уақтылы жасасуы арқылы баға ауытқуларын реттеуге болатындығын жеткізді. Мәселен, соңғы кезде картоптың бағасы 4,4%-ға көтерілген. Бұл жағдай  Астана, Алматы, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында көрініс тапқан.
    Ал, Түркістан облысының базарларын тұрақты бағадағы өніммен толтыру үшін көкөністер тікелей жеткізушілерден сатып алынуда. Республикалық маңызы бар Алматы, Астана, Шымкент қалаларына әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үздіксіз жеткізу кепілдігін қамтамасыз етуі тиіс.
    Сондай-ақ, жиында вице-премьер әкімдіктерге бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша ӘКК жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. 2025 жылдың маусымаралық кезеңінде қазақстандықтарды көкөніспен тұрақты бағада қамтамасыз ету үшін биыл
    1 тамызға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен өнім сатып алуды қаржыландыру қажеттігін ескертті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға қатысты маңызды ақпараттарды қамтитын жаңалық халықты елең еткізді. Әлем жұртшылығын қос бүйірден қымбатшылық қысып тұрғанда, елдегі экономикалық жағдай қатаң бақылауда болуы өте маңызды. Жоғарыда айтқанымыздай, жаз айларында тауар мен көкөністердің кейбір түріне баға төмендегенімен, күз басталысымен ол қайта шарықтап кететінін қарапайым халық та біледі. Үкімет басшыларының жаз мезгіліндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын түсірдік десе де ауылдағы шаруалардың бау-бақшасындағы жұмыстарын дұрыс бағаламай тұрғандығын байқауға болады. Өйткені, үш мегаполисте халық көп тұтынатын азық-түлікті, көкөністі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үздіксіз жеткізу кепілдігімен өз-өздерін қамтамасыз етуі тиіс болып отыр. Осы орайда айта кету керек, біздің облыста мұндай проблемалар туындай қоймайды. Себебі, өңірдің маңызды салаларының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 1 трлн. теңгеден асып, облыс республикада көш бастады.

     

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.