Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»МИНИСТР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
    Аймақ

    МИНИСТР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

    18.07.2024
    ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Министр Сауран ауданы, Ескі Иқан ауыл округінде ағын су тұтынушы шаруалармен кездесті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өңірде су үнемде технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстарды баяндады.
    Министр елімізде ағын су тапшылығын болдырмау, су нысандарын реттеу, жөндеу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеді. Шаруалардың мәселесі әрдайым назарда тұрғанын айтты. Тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдап, пікір алмасты.
    Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов маңызды жобаларға тоқталды. Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде «Түркістан» магистралды каналынан ағын су алатын жалпы ұзындығы 335,7 шақырымды құрайтын 113 дана арна мен 105,3 шақырымды құрайтын 18 дана қашыртқы және 72 дана тік дренажды ұңғыма бар. 2019 жылы Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының» 2-кезеңінің құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 10 487,8 млн. теңгені құрайды. Бүгінге дейін мердігер мекеме – «Tunnel Sadd Ariana» тарапынан бірқатар жұмыс атқарылған. Бетондалған арналар 127,02 шақырымға жетсе, қайта тазаланған арықтар – 99,21 шақырым, арналарға 1164 дана су құрылымы орнатылған. 91,8 шақырым болатын 18 қашыртқы тазаланып, 9 көпір ағымдағы жөндеуден өткізілген. 72 дана ТДҰ қазылды (100%). ТДҰ орнатылған трансформаторлық қосалқы станцияларының саны – 17. Электр желісі 113,26 шақырымға жүргізілген (97,3%). Құрылыс жұмыстарын толық аяқтау үшін 1587,7 млн теңге қажет. Мәселе министрлік пен облыс әкімдігінің бақылауына алынған.
    Айта кетейік, ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024- 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысында 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу қарастырылған. Биыл жаңадан 22,0 мың гектарға су үнемдеу технологиялары орналастырылады. Қазіргі таңда, нақты 12,9 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Оның ішінде, 8 мың гектарға тамшылатып суғару, 4,9 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиялары орнатылған. Сондай-ақ облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Жыл басында «BNK Group LTD» ЖШС-нің 4,1 млрд теңгені құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты жобасы іске қосылды. Сонымен қатар облыста ІІІ тоқсанда «BNK Group LTD» ЖШС мен «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің тамшылатып суғару жүйесін шығаратын кәсіпорындары іске қосылады. Биыл инвестициялық субсидиялау қағидасына сәйкес, су үнемдеу технологияларына кеткен шығынды 80% субсидиялау бойынша облыстық бюджеттен 4,0 млрд теңге қаржы бөлінді. Аталған қаражат 3,1 мың гектарды субсидиялауға жеткілікті.
    ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің жұмыс сапары Мақтаарал және Жетісай аудандарында жалғасады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.