Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.07.2024
    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алқа мәжілісі өтті. Маңызды жиынға денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері, басқарма қызметкерлері, сала мамандары қатысты. Жиынды Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев жүргізіп отырды. Денсаулық сақтау саласының түрлі бағыттарына жауапты басшыларының баяндамалары мен есептері тыңдалды. Кемшіліктер мен проблемалар ашық айтылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бас дәрігерлер мен сала жетекшілеріне халықтың денсаулығын сақтау бағытындағы жұмысты күшейтуді, жүйелеуді тапсырды.
    – Ана мен бала денсаулығына қатысты мәселелер кейбір аудандарда жиі қайталануда. Оның сыры мен себебі неде? Басқарма тарапынан жіті талдау жасалып, мамандар себебін анықтауы қажет. Екіншіден, көрсеткіші төмен медицина мекемелерін білікті мамандармен қамтуға көңіл бөлінсін. Қажетті мамандықтар бойынша оқыту мәселесі де өзекті. Зерделеу нәтижесі бойынша тиісті ұсыныстар беріңіздер. 2024 жылы денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары тіркелген халыққа қажетті медициналық көмек көрсету және жыл басынан бастап қойылған нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Бүгін штаттан тыс бас мамандардың баяндамалары тыңдалды. Мәселелер аз емес. Медициналық ұйымдар халыққа сапалы қызмет көрсетсін. Әсіресе, жекеменшік мекемелерге шағымдар бар. Жұмысты ширатыңыздар. Баяндамадағы туындаған мәселелерді шешу бойынша Денсаулық сақтау басқармасы іс-шара жоспарын құрып, тиісті жұмыс жүргізілсін, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
    Мәжілісте Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас гинекологы Эльмира Қожахметова, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттын тыс бас педиаторы Алтын Досанова, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы Бауыржан Бертаев, Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Меруерт Боташева өздеріне бекітілген салалар бойынша есеп берді.
    Ана мен бала денсаулығын сақтау, онкологиялық ауруларға ерте скрининг жүргізіп, алдын алу бағытындағы жұмыстар баяндалып, тиісті ұсыныстар берілді.
    Баяндамада айтылған көрсеткіштері төмен әрі жұмысы нашар медициналық мекеме басшыларына ескерту беріліп, жұмысты ширату тапсырылды. Жұмысын дұрыс атқармаған және шикілікке жол берген медициналық мекемелердің басшыларына мемлекеттік тапсырыстарға қатыстырмау бойынша ұсыныс берілетіні ескертілді.
    Айта кетейік, Түркістан облысының денсаулық сақтау құрылымына 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым және 130 жекеменшік мекеме, оның ішінде 36 емхана кіреді. Барлық медициналық мекемеге 2 млн 60 мың адам тіркелген. Медициналық ұйымдарда 35 714,75 қызметкер жұмыс істейді. Биылғы 5 айда облыс халқына 15307002 клиникалық-диагностикалық қызмет көрсетіліп, 307812 жедел жәрдем шақыртуы, 784 санавиация шақыртуы бойынша жұмыс жүргізілді. 5 миллионнан астам амбулаторлық көмек көрсетілген.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.