Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»САЙРАМ: «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
    Аймақ

    САЙРАМ: «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    22.07.2024
    Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, шалғайдағы елдімекендерде инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игілігі мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету өте маңызды. Тұрғындар жайлы өмір сүру үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында көптеген мәселе шешімін тапты.
    Ауылдардың инфрақұрылымы мен әлеуметтік жағдайын жаңғыртып, қазақстандықтардың жергілікті жерде жұмыспен қамтылуына қатысты идеологияны қалыптастыруға арналған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асып келе жатқанына 5 жыл болды. Бұл жоба Түркістан облысында сәтті жүзеге асырылуда.
    Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеру үшін қолға алынған жоба Сайрам ауданында кеңінен жүзеге асып келеді. Елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар жетілдірілуде.
    2023 жылы республикалық бюджеттен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 19 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына қажетті қаржы қаралып, биыл шілде айында жөндеу жұмыстары басталды. Жол жөндеу жұмыстары 3 кезеңге бөлініп, бүгінде Әсіларық ауылындағы Көктем көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
    Алдағы уақытта ағымдағы жылдың қазан айына дейін округтегі Көмешбұлақ, Парасат, Темірқазық, Мұсаев тұйық, Қ.Жұмабаев, Әлжанов, Қазыналы, Абай (Шіркін), Ж.Шамет, Сағым, Жаңғыру, Абай тұйық (Қасымбек датқа ауылы), Жастар, Одаманов, Ы.Шалабаев, Шынарлы, Самал және Абай (Тоған ауылы) көшелеріне кезең-кезеңімен асфальт төселетін болады.

    Айта кетейік, аталған көшелерді асфальттау жұмыстары аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырыс беруімен, «Дан-Строй-Проект» ЖШС техникалық қадағалауындағы «EL-KZ 2020» ЖШС, «Тумар-СтройПроект» ЖШС мердігер мекемелер тарапынан атқарылады.

    Айта кетейік, «Ауыл – ел бесігі» жобасы Түркістан облысында қарқынды жүргізілуде. 2023 жылы Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 166 елді мекенде 352 жоба жүзеге асырылып, 31,3 млрд. теңге игерілді. Нәтижесінде 297 жоба пайдалануға тапсырылды. Аталған жобаларды сәтті жүзеге асыруды жалғастыру мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында.

    – «Ауыл – ел бесігі» – маңызды әрі тиімді жоба. Аудан, қала әкімдері, жауапты басқармалар жобаларды жедел анықтап, құжатын әзірлеп, конкурстарын уақтылы өткізулері керек. Мердігерлер жұмыстарын жоспарға сәйкес атқарсын. Кешігуге болмайды. Аса қажетті нысандар бірінші кезекте жоспарға енгізілсін. Тиянақты зерделеп, жұмысты ширатуды тапсырамын, – деді Дархан Амангелдіұлы.
    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанатбек Қайыпбектің айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» арқылы биыл 165 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа 25,3 млрд. теңге бөлінді. Оның 107-сі – жаңа жобалар. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 134 елді мекеннің әлеуметтік-инфрақұрылымдық жүйелері жақсарады.
    Биыл 1 сәуірдегі мәліметтерге көз жүгіртсек, 107 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша барлығына, техникалық қадағалау жұмыстары бойынша 96-сына мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған. Нәтижесінде 18 жоба бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілуде. 20 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне шағым түскен. 69 жобаның мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталмаған. Техникалық қадағалау жұмыстарына 17 жоба бойынша жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.