Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»КЕНТАУ: БАЙЫЛДЫР АУЫЛЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ
Аймақ

КЕНТАУ: БАЙЫЛДЫР АУЫЛЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

24.07.2024
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов кезекті кездесуін қалаға қарасты Байылдыр ауылында жалғастырды. Алдымен ауылдағы ісін жаңа бастауға бет алған шаруақожалықтың жұмыс барысымен танысты. Шаруақожалық қора-жай салуды бастаған. Ол жерге жылқы өсіріп, ет өнімімен айналысуды қолға алмақ.
Кәсіп иесі шаруашылық орналасқан аймаққа жол мен электр жарығының қажеттілігін сұрады. Қала басшысы ол бойынша ауыл әкіміне жоспарын жасап, жүзеге асыру бойынша жобаға енгізуді тапсырды. Ауылдың әлеуетін көтеруге бағыттайтын шаруашылықтарға барынша қолдау көрсетуіміз қажет деді.
Ашық аспан аясында ауыл тұрғындарымен кездесіп, өтініш-талаптарын тыңдады. Тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Одан бөлек жол және ауылға газ әкелу жайы да қозғалды. Қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы аталған ауылға биыл газ құбырын әкелу, ішкі орам жұмыстарын жалғастыру құрылысы жалғасатынын мәлімдеді. Осы сәтке дейін Байылдыр ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2690 м жоғарғы қысымды газ құбыры тартылған.
Одан бөлек, ауылдың 4 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары мен 4 көшесіне аяқ жолдар салынады. Бұл құрылыс жұмыстары «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Кездесуге ауыл тұрғындарынан бөлек, әр салаға жауапты сала басшылары мен мекеме басшылары қатысты.

Сонымен бірге қала әкімі Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауыл тұрғындары ауылшаруашылыққа бейім, еңбекқор тұрғындар. Бүгін қала әкімі Жандос Тасов жұмыс сапары барысында ауыл тұрғындарымен кездесті.

Бірінші кезекте қала әкімі ауылдағы қарқынды бау-бақшаны жүргізіп отырған «Тажиддин ата» шаруақожалығына барып, өнімдерімен танысты. Онда бес түрлі алманың сорты өсірілуде. Одан бөлек, жүзім жемісі де жақсы өнім беріп тұр. Науқан кезінде бірқатар ауыл тұрғындарына жұмыс беріп отыр.
Тұрғындар ауылға ең қажетті ағын су мәселесі мен көше бойына бейне камералар орналастыру қажеттігін көтерді. Биыл Қарнақ ауылында бірнеше жылдар бойы өзекті болып келген Мәдениет үйінің құрылысы бастау алды. Сондай-ақ 11 көшеге асфальт салу жұмыстары жүргізіледі. Аиалған құрылыстар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ауыл тұрғындары қала әкіміне жолдаған әрбір сауалдарына заңды жауаптарын алып, елдің бірлігі мен тыныштығын тілеп, ақбаталарын берді.
Күні кеше Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тұрғындармен кездесуін Хантағы ауылына арнайы сапармен ббарған болатын. Ауылға жасаған жұмыс сапары барысында алдымен ауылдан Қаратау қорығына қарай 2,7 шақырым жерге жүргізілген жаңа бағаналарды бақылады. «Оңтүстік Жарық» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады. Инвест жобасы аясында бұдан бөлек 5 шақырымнан аса жердің бағаналары жаңартылады. Сондай-ақ жаңа екі трансформатор орналастырылмақ.
Аралау барысында қала әкімі ЖК Жанегизов.М шаруақожалығына барды. Онда кәсіп иесі жылқы бордақылаумен айналысады. Өткен жылы мемлекеттен несие алып, 12 бас жылқы алған. Бүгінде жылқының саны 50-ге көбейіп отыр. Өз кәсібін одан әрі дамытып, жұмыс күшін көбейткісі келетін кәсіпкер қаладан етті тікелей сатуға арналған орын салуға қолдау көрсетуді сұрады. Қала әкімі кәсібін дамытып, жұмыс көзін көбейтемін дейтін кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдан келгенше қолдау болатынын атап өтті.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында бірқатар мәселелер көтерілді. Ағын су, ауылды газға қосу, Жылу орталығының қысқы маусымға дайындық барысы секілді сауалдар жолданды. Қала басшысы барлық ұсыныс-өтініштерін тыңдап, заң шеңберінде жауап берді. Біршама жұмыстың жүзеге асырылуы қаржының бөлінуіне байланысты іске асырылатынын түсіндірді. Ауыл тұрғындары қажетті сауалдарына көңілге қонымды жауаптарын алып, әлі де бірқатар істер жүзеге асатынына сенім білдірді. Ауыл қариялары елдің амандығы мен тыныштығын тілеп ақбаталарын берді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.