Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ЕМХАНА САЛУ ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ЕМХАНА САЛУ ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

25.07.2024
Түркістан облысында медициналық нысандар санын көбейту, тұрғындардың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыстар жүруде. Аталған салаға жеке инвесторларды тарту да жолға қойылған.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры Әсет Ахметовпен кездесіп, екіжақты әріптестік мәселесін талқылады. Қос тарап іскерлік байланысты дамытуға ниет білдіре отырып, өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
– Мемлекет тарапынан өңірде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ретте жеке инвесторларды тартуға да мән берілуде. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Қолдау көрсетіледі, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Осы келісімге сай инвестор тарапынан Сауран ауданында заманауи емхана салынбақ. Емхана толығымен медициналық құрал-жабдықтармен және КТ, МРТ аппараттарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге оңалту орталығын салу бойынша де келіссөз жүргізілді.
Сауран ауданында 101 981 тұрғын бар, оның ішінде Сауран аудандық емханасына тіркелген халық саны – 74 326, емханада күндізгі стационарда 171 төсек-орын қарастырылған. 31 денсаулық сақтау нысаны бар. Аудандық емхана ғимараты 2017 жылы салынған. Жалпы ауданы – 992 м2 құрайды, жобалық қуаттылығы – ауысымына 100 адам. Медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылуы – 68,7%, тозуы – 65,7%.
Айта кетейік, Түркістан өңірінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынуда.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.