Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»САУРАН: ИАССЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЙЫ ЖЕР БЕРІЛІП, МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
    Аймақ

    САУРАН: ИАССЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЙЫ ЖЕР БЕРІЛІП, МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

    30.07.2024
    Сауран ауданы көлемінде кәсіпкерлер санының артуына бірден-бір себеп — жылдан-жылға кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолайлы бағдарламалар ұсынылып, қолдаулар көрсетілуде. Осы ретте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Иассы ауылдық округінде кәсіпкерлермен кездесіп, шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін арнайы 9 гектар жерге қазықтары тағылып, орындары белгіленді. Кәсіпкерлер түрлі бағытта шағын және орта бизнесін дамыту үшін алдағы уақытта жұмыстарын жалғастыратын болады, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz.
    Кездесу барысында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлерге барлық бағыт бойынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Аталмыш индустриалды аймақта кәсіпкерлер өздері тарапынан атқаратын жұмыстарын айтып, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтымақ. Бұл бастама ауданның көркеюі мен дамуы тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына, жұмыс күшінің артуына сеп болмақ.
    Иассы ауылдық округіндегі индустриалды аймаққа өз кәсіптерін бастауға ниетті азаматтардың жұмыстарына тоқталып өтсек. Жеке кәсіпкер Фархад Абишев 15 соттық жерге бурчатка шығаратын цехты іске қоспақ. Ал, жеке кәсіпкер Қанат Қыдырбек 15, Рустем Худайбергенов 60, Худратулла Мамадалиев 15 соттық жерге жиһаз өндірісін ашқалы отыр. Сонымен қатар, Данияр Қасымов 15 соттық жерге пенопласт, клей, Зафар Зайров 30 соттық жерге пенопласт, Жеңіс Тойбеков шеге, темір бұйымдарынан және метал өнімдерінен құрылыс заттарын шығаратын цехтарды ашуды көздеп отыр.
    Жиында аумақты бөліске алған кәсіпкерлерге индустриалды аймақтың құжаттарын дайындауға көмек көрсетіледі. Қажетті электр жарығы мен су тағы басқа көптеген мәселелер ауылдық округ әкімдігі тарапынан жүзеге асырылады. Шара соңында Иассы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пірметов пен кәсіпкерлер арасында екі жақты меморандум жасалды.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.