Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»САУРАНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛҒА АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУ ТАПСЫРЫЛДЫ
    Аймақ

    САУРАНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛҒА АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУ ТАПСЫРЫЛДЫ

    29.07.2024
    Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның кезекті апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz.
    Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Онда облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Сайлау, ауыл шаруашылығы бөлімінің 6 айда атқарған жұмыстары туралы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров баяндама жасады.
    Сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауларының орындалу барысы туралы аудан әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мөлдір Темірхан, Қарашық ауылдық округі әкімінің ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы ауылдық округ әкімі Сәкен Орзабаев хабарлап өтті.
    Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакировтің мәлімдеуінше Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2024-2028 жылдарға 2 есеге ұлғайту жөніндегі жол картасы бойынша Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен бекітілген. 2024 жылға арналған тапсырмаға сәйкес, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің тапсырмасы 112,1 млр. теңге болса, 6 айдың қорытындысымен орындалуы 8,7 млрд. теңге болып, жоспар 100,5% құраған.
    Су үнемдеу технологияларын 4839 гектарға ендіру бойынша тапсырма берілген. Оның ішінде тамшылатып суару — 400 гектар, жаңбырлатып суару — 4439 гектарды құрайды. Қазіргі таңда ауданда 1119 гектар жерге су үнемдеу технологиясы орнатылған. Оның ішінде тамшылатып суару – 165 гектар, жаңбырлатып суару – 954 гектарды құрап отырғанын атап өтті. Берілген тапсырманы толық орындау үшін бекітілген жоспарға сәйкес, ауылдық округ әкімдеріне тиісті жұмыстарды жандандыру керектігін жеткізді.
    Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне орын алған кемшіліктер бойынша шұғыл түрде жұмыс жасауға нақты тапсырмалар берді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.