Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»САРЫАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
    Аймақ

    САРЫАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

    06.08.2024
    Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барды.
    Алдымен, аудан басшысы мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырған ауыл тұрғындары Марина және Нұрсұлтан Бостановтардың тігін цехының жұмысымен танысты. Кәсіп иесі 2023 жылдың желтоқсан айында «Ауыл аманаты» жобасы аясында мемлекеттен 2,5 пайыздық несие алып, қаржыға арнайы тігін машинасын,киім пішу столын және керекті тігін құрал- жабдықтарын сатып алып, кәсібін кеңейтуде. Жас шебер тапсырыспен ұлттық нақыштағы киімдер, қыз жасауларын және басқа да қажетті дүниелерді тігумен айналысып, кәсібін дөңгелетуде.
    -Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген қаражаттың мақсатты, адал және тұрғындардың игілігіне пайдалану басты мақсат екенін, кәсіпкерлер қатарының артуы елдегі жұмыссыздық деңгейі төмендеп, әлеуметтің әлеуетін арттыруда тиімді тәсілдерінің бірі екенін тілге тиек еткен аудан әкімі көпбалалы ананың ісіне сәттілік тілеп, қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін жеткізді.
    Келесі кезекте аудан басшысы Жаңарық елді мекенінің көшелеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын пысықтады.
    Бақылау барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев жолаушылар және автомобиль жолдары бөліміне және жауапты мердігер мекеме өкіліне жауапкершілікті сезіне отырып асфальт төсеу жұмыстарын мерзімінде атқаруды тапсырып, ендігі жұмыс аптасында қайта келіп бақылайтынын жеткізді.
    Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округіне арнайы сапары барысында Жемісті және Тың елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жұмыстарының жай-жапсарымен танысты
    Жемісті елді мекеніндегі бой көтеріп жатқан дәрігерлік амбулаторияның
    бүгінгі таңда, ішкі әрлеу жұмыстары бітіп, есік терезелері толығымен қойылған.Сонымен қатар, сыртқы әрлеу және ғимараттың ауласына асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, керекті медициналық құрал-жабдықтар орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
    Сонымен қатар, Тың елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, қазіргі таңда, нысанға қажетті медициналық құралдар- жабдықтар тасымалданып, жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
    -Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында, дәрігерлік амбулатория құрылысына басымдық берілуде. Тұрғындар орталыққа бармай-ақ алғашқы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алулары үшін барлық арнайы кабинеттер сапалы медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы қажет, -деді аудан басшысы.
    Айта кетсек, медициналық нысан іске қосылған соң бір ауысымда 25 азаматқа медициналық алғашқы көмек көрсете алатын болады.Сондай-ақ, дәрігерлік амбулаторияда стоматологиялық,акушерлік және арнайы узи кабинеттері қарастырылған.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.