Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Денсаулық»ДӘРІГЕР МАМАНДЫҒЫНЫҢ БЕДЕЛІН АРТТЫРУ, ЖАС МАМАНДАРДЫ АУЫЛҒА ТАРТУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
    Денсаулық

    ДӘРІГЕР МАМАНДЫҒЫНЫҢ БЕДЕЛІН АРТТЫРУ, ЖАС МАМАНДАРДЫ АУЫЛҒА ТАРТУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

    19.08.2024
    Медициналық жоғары оқу орындарына түсуді ынталандыру және студенттерді оқыту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде 2021 — жылдан бастап жыл сайын барлық деңгейдегі білім алушылар үшін стипендияны 15-20% — ға дейін арттырады. Сондай-ақ медициналық колледждердің білім алушыларының да стипендиясы көтеріледі. 2023 — жылдың 1 — қыркүйегінен бастап ол 50% — ға көтерілді. Ағымдағы жылдың 1 — қыркүйегінен бастап қосымша 50% — ға арттыру жоспарда бар. Медициналық кадрларды даярлау және медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.
    Ол дәрігер мамандығының беделін арттыру, ауылдарға жас мамандарды тарту және оларды сонда ұстап қалу үшін мемлекеттік қолдау шаралары едәуір күшейтілгенін атап өтті.
    «Мысалы, ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жас дәрігерге бір мезгілде 100 ЕТЖ, яғни 8,5 млн теңге төлену керек; «Дипломмен ауылға!»; жаңа орынға қоныс аударушылар үшін тұрғын үй құнының 50%-ы мөлшерінде қаржылық көмек алуға құқығы бар экономикалық ұтқырлық сертификаты және «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде жас мамандарға жалақыдан тыс қосымша үстемақы белгілеу», — деп атап өтті спикер.
    Сондай-ақ 2024 — жылғы 19 — сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, ол заңдық және қаржылық қорғау, кәсіби қызметке кепілдік беру жүйесін енгізуді көздейді және медицина мен фармацевтика қызметкерлерінің мәртебесін, сондай-ақ халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
    Жергілікті орындарда кадр тапшылығы мәселесін, сондай-ақ резидент дәрігерлерді практикалық оқытумен байланысты проблемаларды шешу мақсатында Министрлік жоғары оқу орындары мен көпсалалы ауруханалар арасындағы консорциум шеңберінде тікелей көпсалалы клиникалардың жанынан резиденттерді даярлау бастамасын пысықтауда.
    «Мегаполистердің ірі клиникаларында шоғырланған көптеген резидент толыққанды клиникалық тәжірибеге қол жеткізе алмайтыны құпия емес. Бұл шара бізге өңірлерді резидент дәрігерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал резидент дәрігерлерге оқу кезінде үлкен практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігінің бастамалары мен қабылдап жатқан шаралары медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді және өңірлердің медициналық кадрларға деген қажеттілігін жабу мәселесін шешуге бағытталған»,-деп түйіндеді ведомство өкілі.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.