Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК ІСШАРАСЫНДА АРДАҚТЫ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК ІСШАРАСЫНДА АРДАҚТЫ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    07.03.2025
    Бүгін Түркістанда 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне арналған «Әлемнің жарығы – ана» атты іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыстың әр қиырынан түрлі салада жетістікке жетіп, еңбегімен дараланған нәзікжандылар, көпбалалы аналар, жұмысшы мамандықтары бойынша еңбек ететін аяулы жандар қатысты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, аяулы аналарды құттықтады. Елдің дамуына үлес қосып жүрген ханымдарға құрмет көрсетті.
    – Сіздерді көктемнің аяулы мерекесі 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Өмірде ананың мейірімінен асқан мейірім жоқ. «Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады» деген мақал бар. Сіздер – ұрпақ үшін ең ардақты жансыздар. Бүгінгі барлық құрмет те, тілек те сіздерге арналады. Жұмақтың кілті – ананың аяғының астында. Сондықтан ақ жаулықты апаларды, аруларды құрметтеу – азаматқа міндет, ұрпаққа парыз. Мен де Сіздерге шын жүректен басымды иіп, құрмет білдіргім келеді. Өйткені, ақ жаулықты әжелеріміздің ақ тілегі бізді бақытқа бастайды. Біздің ең басты байлығымыз – бала. Республикамызда әрбір жетінші сәби Түркістан облысында өмірге келеді. Ардақты аналарымыз демографиямен бірге экономикаға да өз үлестерін қосуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Жұмысшы аналарымызға, әпке-қарындастарымызға құрмет көрсетілуде. Аймақта еңбек етіп жүрген аналарымызды қолдау шаралары күшейтіледі. Тарихта Томирис ханшайым, Қарашаш ана, Домалақ ана, Бопай ханым сынды асыл аналар болған. Сіздер сол аналардың дәстүрлі жолын жалғап, қоғамды ізгілікке бастап жүрсіздер. Осы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды айтамын. Баршаңызды ерекше мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ өмір және табыс тілеймін. Әр күндеріңіз бақыт пен берекеге толы болсын! – деді Нұралхан Көшеров.
    Жоғары деңгейде ұйымдастырылған концертте Түркістан музыкалық драма театрының әртістері ананың құдіретін асқақтатқан театрландырылған қойылым көрсетті. Қазақ эстрадасының танымал өкілі Мадина Сәдуақасова, сонымен қатар Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері бастаған өңір өнерпаздары ана, арулар туралы әндерді шырқап, шуақты мерекенін сәнін кіргізді. «Сүгір» атындағы ұлт аспаптар оркестрі, мың бұралған бишілер мен өнерлі балалар да кештің көркін аша түсті.
    Айта кетейік, 2024 жылы Түркістан облысында 50 мыңнан астам сәби дүние есігін ашты. Батыр аналардың саны бойынша өңір республикада көш басында. Облыста 185 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде 18 мыңнан аса «Алтын алқа», 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіруде. Түркістан өңірінде ана мен бала құқығын қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүруде. Аудан, қалаларда «Отбасын қолдау орталықтары» ашылды. Нәзікжандылардың мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлік, білім, медицина, құқық қорғау органдарында және басқа да салаларда еңбек етуіне жағдай жасалуда. Облыстағы 210 мыңнан астам кәсіпкердің 91 мыңы, аймақтағы 5600-дан астам мемлекеттік қызметшінің 30 пайызға жуығы әйелдер қауымының өкілдері. Оның ішінде, 235 әйел басшылық лауазымдарды атқарады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ЭТНОПОЗНАВАТЕЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ «ТЕКЕМЕТ FEST»

    30.09.2026

    Достық пен келісім акциясы аясында

    28.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.