Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ
Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

17.03.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Агромашхолдинг» АҚ-ның президенті Динара Шүкіжанованы қабылдады. Кездесуде қос тарап Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. Нақтырақ айтсақ, Түркістанда ауыл шаурашылығы техникасын шығаратын зауыт ашу жөнінде келіссөз жүргізді. Өңір басшысы аймақта өндірісті дамытуға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.
– Түркістан облысы – аграрлы аймақ. Ауыл шаруашылығы техникаларына сұраныс өте жоғары. Сондықтан арнайы зауыт пен сервистік орталықты өңірімізден ашу тиімді болады. Арнайы ғимарат, жер және инфрақұрылым бойынша толық қолдау көрсетіледі. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
«Агромашхолдинг» АҚ-ның президенті Динара Шүкіжанова әріптестік орнатуға қолайлы жағдай ұсынған облыс басшылығына алғысын айтты. Түркістанның әлеуеті жоғары екеніне тоқталды. Облыс аумағындағы өндірістік паркке арнайы барып, ғимаратты көретінін айтты. Сонымен бірге мамандар келіп, жан-жақты зерделейтінін жеткізді. Ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруде АҚШ пен Қытайдың да үлгілері қолданылмақ. Келіссөздер жалғасып, жақында тиісті шешім қабылданады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің» бірінші форумында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу міндетін жүктеді. Облыс көлемінде 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Оның 3 мыңы ескіріп, пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан. Осы мәселені шешу мақсатында алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы техникалары паркін 35 пайызға жаңарту жоспарланған. Бұл ретте арнайы зауыт ашу жоспары да қарастырылып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.