Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Жаңалықтар

Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

02.04.2025
Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 101 жастағы майдангер отставкадағы полковник Қамбар Сәрсеновтің шаңырағына барып, ардагерді мерейлі мерекесімен құттықтады.
Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсат Баймағұлов бастаған ұландықтар және Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Берік Алмағамбетов Қамбар Сәрсеновтің шаңырағына арнайы барып, еселі еңбегі мен ғибратты ғұмырын айрықша атап, ардагерді биыл аталып өтетін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
Кездесу барысында соғыс ардагері Қамбар Әмірұлына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының және Ардагерлер кеңесінің атынан Алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.
— Бүгін біз Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсенов ақсақалды құттықтауға келдік. Жыл сайын ардагерге құрмет көрсету біздің дәстүрімізге айналды. Біз олардың ерліктерін үлгі етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелейміз. Өкінішке орай, ардагерлер азайып келеді. Сондықтан біз әрқашан оларды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық танытып көңілдерін аулауға тырысамыз, — деді әскери бөлім командирі полковник Мақсат Баймағұлов.
Өр рухты майдангердің терезесі астында әскери оркестр аты аңызға айналған «Жеңіс күні», «Славянмен қоштасу» марштарын, сондай-ақ «Смуглянка» және «Катюша» композицияларын орындады. Ұландықтар сондай-ақ батыр ардагердің үйінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.
Қамбар Әмірұлы әскерге 1942 жылы 12 тамызда шақырылды. Ол соғыс жылдары үш рет жараланды. Калинин облысын, Белоруссияны, Латвияны, Литваны, Польшаны азат етуге қатысты. Шығыс Пруссия мен Германия жерінде соғысты. Кенисбергте жаралануына байланысты демобилизацияланды.
Отанға сіңірген еңбегі үшін Қамбар Сәрсенов I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, II және III дәрежелі «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенисбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» орден-медальдарымен наградталған.
1980 жылы наурызда ІІМ жүйесінде 33 жыл жұмыс істегеннен кейін зейнетке шықты. Демалысқа шыққаннан кейін де Қамбар Әмірұлы Алматы энергетика жүйесіне жұмысқа орналасты, онда тағы он сегіз жыл жұмыс істеді.
Сәрсен Қамбар Әмірұлы – ҚР ІІМ, Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің және энергетика жүйесінің құрметті ардагері.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік»
өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫҰ ЕЛДЕРІНІҢ МИССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ АШЫҚ ӨТТІ ДЕП МӘЛІМДЕДІ

24.08.2026

«ДАУЫС» КОАЛИЦИЯСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУДЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

24.08.2026

В СЕГОДНЯШНЕМ ГОЛОСОВАНИИ ЖИТЕЛИ ГОРОДА ПРОЯВИЛИ АКТИВНОСТЬ

23.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҰ ЕЛДЕРІНІҢ МИССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ АШЫҚ ӨТТІ ДЕП МӘЛІМДЕДІ

24.08.2026

«ДАУЫС» КОАЛИЦИЯСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУДЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

24.08.2026

В СЕГОДНЯШНЕМ ГОЛОСОВАНИИ ЖИТЕЛИ ГОРОДА ПРОЯВИЛИ АКТИВНОСТЬ

23.08.2026

“БҮГІНГІ САЙЛАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ”⁣⁣

23.08.2026

Голосование IT-специалистов на Курултае в Шымкенте 2026: Инновации и Будущее Технологий

23.08.2026

«Достық пен бірліктің символы»: Шымкент тұрғындары сайлауға қазақтың ұлттық киімдерімен келді

23.08.2026

Шымкент тұрғындары дауыс беруге әуе шарымен ұшып келді!

23.08.2026

Голосование байкеров на выборах в Курултай

23.08.2026

ФУТБОЛИСТЫ «ОРДАБАСЫ» ПРИЗВАЛИ СПОРТСМЕНОВ И БОЛЕЛЬЩИКОВ ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В ВЫБОРАХ

23.08.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.