Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    02.04.2025
    Түркістанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресуге бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың мәжілісі өтті. Жиында штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл мәселенің күрделі екеніне тоқталып, жауапты басқарма мен мекеме басшыларына жұмысты сапалы атқару керектігін айтты.
    – Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы психотропты заттардың айналымы, есірткі саудасына қатысты толықтырулар енгізілген заңға қол қойды. Талап күшейе түсті. Сондықтан жұмысты жандадыру керек. Штаб мәжілісінде өзекті мәселелерді жасырмай айтыңыздар. Әсіресе, аудан, қалалардағы әріптестер кездескен қиындықтар, жұмысты үйлестіру жөніндегі пікірлерін айтқаны жөн. Ол ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, жұмыс жүйелене түседі. Құқық қорғау органдары тарапынан есірткі бизнесінің алдын алу және нашақорлыққа қарсы күрес жүргізілуде. Алайда бұл індетпен барлығымыз күресуіміз керек. Жастар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыс күшейтілуі тиіс. Білім ұяларында, жастар шоғырланатын орындарда тиісті шараларды атқарыңыздар. Бұл жұмыстарға еріктілер мен үкіметтік емес ұйымдарды көптеп тартқан жөн, – деген Бейсенбай Тәжібаев аудан, қала әкімдері орынбасарлары мен жауапты мекеме басшыларының есептерін тыңдады.
    Мәжілісте Білім, Денсаулық сақтау, Қоғамдық даму басқармалары мен Полиция департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдері баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов әкімдікпен бірлесе жұмысты жандандыруға дайын екенін жеткізді.
    Есірткі заттарын сату бойынша интернет желісі және көшелер мен үй қабырғаларындағы граффити жазбаларды жедел анықтап, құзырлы органдарға хабарлау, түнгі көңіл көтеретін мекемелердегі сусындарда есірткі құралдарының болмауын қатаң қадағалау, тұрғындар мен жастар арасында синтетикалық есірткілердің зияндығы және олардың заңсыз айналымы бойынша заң алдындағы жауапкершіліктері туралы түсіндіру-профилактикалық іс-шараларын күнделікті өткізу жөнінде және өзге ұсыныстар берілді.
    2024 жылдың басынан бері Түркістан облысында құқық қорғау органдарының ұйымдастыруымен жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, 16 заңсыз прекурсорлар айналымына қатысты құқық бұзушылық тіркелген. 5 заңсыз өндіріс орны анықталып, 1100 литр химиялық заттар тәркіленді. 3 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп, олардан прекурсорларды заңсыз тасымалдау және өткізу бойынша айғақтар табылды. 8 жеке кәсіпкер лицензиясыз жұмыс істегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
    Облыста есірткінің заңсыз айналымына қатысты 114 дерек анықталды. Заңсыз айналымнан 69 келі есірткі заттары тәркіленіп, жойылған. Ал әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне енгізілген синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 290 сайттың жұмысы тоқтатылған. Аймақта нашақорлық, темекі шегу және алкоголизм профилактикасы бойынша тиісті жұмыстар жалғасады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.