Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА АШЫЛАТЫН «ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАШЫҒЫН» ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА АШЫЛАТЫН «ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАШЫҒЫН» ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    31.03.2025
    Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жаңа туристік нысан – «Қолөнершілер қалашығы» бой көтеруде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен қолөнер саласының өкілдерімен кездесіп, аталған орталықты дамыту, жұмысын үйлестіру бойынша кеңес өткізді. Өңір басшысы «Қолөнершілер қалашығы» заман талабына сай болып, мәдениетті, қолөнерді және туризмді дамытуға серпін беруі тиіс екенін жеткізді.
    – Биыл жаңа заң қабылданып, Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Ол заңда қолөнер саласын дамыту міндеті де жүктелген. Бұл ретте тарихи шаһардың әлеуеті жоғары екенін білеміз. «Қолөнершілер қалашығын» дамытып, жұмысын жүйелі түрде үйлестіру керек. Бұл жоба туризмді, қолөнерді дамытып қана қоймай, өзін-өзі қамтитын, кірісті ұлғайтатын деңгейге көтерілуі қажет. Жан-жақты ойластырып, жұмысты сапалы атқарыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
    Жиында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың, Туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің «Қолоөнершілер қалашығына» қатысты ұсыныстары мен жоспарлары тыңдалды.
    Тиісті орталықта қолөнершілер шеберханасын іске қосу бойынша жергілікті қолөнершілермен арнайы жиналыс өткізілген. Қолөнер шеберханасына қажетті құрал-жабдықтардың шығындары анықталды. Қажетті қаражат көлемі жоба бойынша 120,0 млн. теңге деп есептелді. Қазірден бастап, белсенді шеберлерді ынтымақтастыққа шақыру, олармен жеке кездесулер өткізу және тиісті шарттар жасасу арқылы қолөнершілер пулын құру жұмыстары басталып кетті. Орталық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, шеберлермен тиісті келісімдер жасалады.
    Айта кетейік, бұл жоба 2023 жылы «Sun Holiday» ЖШС бастамасымен қолға алынған. Қолөнершілері орталығының жалпы аумағы 2,3 гектарды, ал нысан құрылысы 1,5 гектар аумақты қамтиды.
    «Қолөнершілер қалашығы» – дәстүр мен туризм тоғысқан бірегей жоба. Туристік кешен 8 негізгі бөліктен тұрады. 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті бөлмелермен, орындармен қамтылады. Өңірдің және тұтынушының сұраныстарына қарай арнайы брендтік каталог тізбегі дайындалады. Сол каталог негізінде нарыққа кәдейсылар сатылымға шығарылады.
    Қорыта айтқанда, «Қолөнершілер қалашығы» қазақтың мәдениеті, қолөнерін дәріптейтін және туристік орталыққа айналады деп күтіліп отыр. Осы бағытта жұмыстар жалғасады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.