Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ПОРТУГАЛИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТІҢ БАСШЫСЫ TASHENEV UNIVERSITY-ГЕ АРНАЙЫ КЕЛДІ
    Жаңалықтар

    ПОРТУГАЛИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТІҢ БАСШЫСЫ TASHENEV UNIVERSITY-ГЕ АРНАЙЫ КЕЛДІ

    15.07.2026

    Tashenev University-ге Португалиядағы ең ірі ғылыми-технологиялық парк – Taguspark бас директоры Эдуарду Баптишта Коррейя ресми сапармен келді. Кездесудің басты мақсаты – ғылымды коммерцияландыру, инновациялық экожүйені дамыту және халықаралық әріптестікті жаңа деңгейге көтеру мәселелерін талқылау болды.

    Кездесу барысында тараптар технологиялар трансфері, стартаптарды қолдау бойынша еуропалық тәжірибені енгізу, жас ғалымдарға арналған бірлескен инкубациялық бағдарламалар құру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту, сондай-ақ білім беру үдерісін цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды.

    Сапар аясында Эдуарду Баптишта Коррейя университеттің заманауи инфрақұрылымымен танысты. Қонақ ең алдымен Жасанды интеллект зертханасын аралап, студенттердің жасанды интеллект, машиналық оқыту және үлкен деректерді талдау бағытындағы жобаларын тамашалады. Сонымен қатар инженерлік зертханада студенттердің ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) құрастыру және бағдарламалау жұмыстарымен танысып, олардың тәжірибелік әзірлемелеріне жоғары баға берді.

    Сондай-ақ делегация Tomorrow School инновациялық білім беру орталығында болып, болашақ мамандарды даярлауда қолданылатын заманауи цифрлық оқыту технологияларымен танысты. Университеттің коворкинг орталығында студенттік стартаптар мен ғылыми жобаларды дамытуға арналған мүмкіндіктер де таныстырылды.

    «Еуропаның көптеген университеттерінде болдым. Алайда мұнда көрген технологиялық мүмкіндіктер мен студенттердің практикалық жобалары ерекше әсер қалдырды. Ең бастысы – жастар тек білім алып қана қоймай, нақты инженерлік және цифрлық шешімдер жасап жатыр. Tashenev University Орталық Азиядағы инновациялық жоғары оқу орындарының біріне айналуға толық әлеуеті бар деп есептеймін», – деді Taguspark бас директоры Эдуарду Баптишта Коррейя.

    Өз кезегінде Tashenev University Басқарма төрағасы Оңалбай Аяшев халықаралық серіктестік университеттің стратегиялық басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

    «Біз үшін халықаралық ынтымақтастық – тек тәжірибе алмасу емес, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырудың, жаңа технологияларды енгізудің және студенттерімізге әлемдік деңгейдегі мүмкіндіктер ұсынудың тиімді жолы. Университетіміз инновация мен ғылым тоғысқан орта қалыптастыруға ұмтылады. Осындай серіктестіктер осы мақсатқа жетуге тың серпін береді», – деді Оңалбай Аяшев.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жасанды интеллект, инженерия, стартап экожүйесі, академиялық алмасу және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру бағыттарында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін жеткізді.

    Португалиядағы жетекші технологиялық парк басшысының сапары Tashenev University-дің халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі беделінің артып келе жатқанын және университеттің инновациялар мен жоғары технологиялар орталығына айналу жолындағы жүйелі жұмысының жарқын көрінісі болды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.