Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКИЯНЫҢ ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛДЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКИЯНЫҢ ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛДЫ

    19.07.2026

    Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Түркияның беделді Гази университетінің филиалы талапкерлерді қабылдау науқанын бастады. 2026-2027 оқу жылына филиалға 100 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бұл бастама талапкерлер тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып, 150-ге жуық талапкер оқуға түсуге ниет білдірген. Іріктеу халықаралық талаптарға сәйкес екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алдымен талапкерлер жазбаша емтихан тапсырып, өздерінің теориялық дайындығы мен академиялық білім деңгейін дәлелдеді. Осы кезеңнен жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлер ғана келесі кезең — әңгімелесу емтиханына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Әңгімелесу барысында үміткерлердің кәсіби мотивациясы, педагогикалық ойлау қабілеті, көшбасшылық қасиеттері, болашақ мамандыққа деген көзқарасы жан-жақты бағаланады.

    Қабылдау емтихандарының әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету мақсатында емтихандарды Түркияның беделді Гази университетінен арнайы келген профессорлар қабылдауда. Бұл талапкерлердің білім деңгейін халықаралық талаптарға сай бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы емтиханның басталуына Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев қатысып, талапкерлерге сәттілік тіледі.

    — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әлемнің жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан бұл жоба Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия арасындағы академиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, отандық педагогикалық білімнің сапасын арттыруға және халықаралық тәжірибені кеңінен енгізуге зор мүмкіндік береді. Біздің мақсат — қабылдау емтихандарын жоғары деңгейде, әділ әрі ашық ұйымдастырылуын бақылауға алып, талапкерлерге қолайлы жағдай жасау, —деді Қайрат Рахымұлы.

    Биыл ҰБТ-дан 111 балл жинаған түлек Жұмабек Гүлсезім Шымкент қаласындағы мектептердің бірін бітірген. Гүлсезім Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанынан ашылған Гази университетінде оқуды не үшін таңдағанын былай түсіндіреді. «Маған біріншіден, бұл университетте оқудың екі диплом беретін жүйесі, одан кейін шетелдік мамандардан дәріс алатынымыз ұнады. Емтихан барысында оқылым, тыңдалым бойынша түрлі сұрақтарға жауап бердік» дейді талапкер.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.