Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАМАНАУИ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
    Жаңалықтар

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАМАНАУИ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    17.08.2026

    Шымкент қаласында онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи әдістері қолданысқа енгізіліп, күрделі жағдайдағы пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілуде.
    Шымкент қалалық көпбейінді ауруханасының Онкологиялық орталығында пациенттерге заманауи диагностика мен емдеу әдістері ұсынылады. Атап айтқанда, Химиотерапия және эндоваскулярлық онкология бөлімшесінде бауыр, ұйқы безі және жатыр ісіктеріне эндоваскулярлық химиоэмболизация, сондай-ақ бауыр ісіктеріне радиожиіліктік абляция жасалады.
    Бұл емдеу тәсілдерінің басты ерекшелігі – ісік ошағына дәл бағытталған навигацияны қамтамасыз ететін заманауи ангиографиялық қондырғының қолданылуы. Оның көмегімен ісік тініне рентгенхирургиялық әдіспен нысаналы әсер етуге мүмкіндік бар.
    Аталған операцияларды дәрігер-онколог-химиотерапевт, ангиохирург, PhD докторы, 14 жылдық еңбек өтілі бар Исаметов Давран Рашитович және ангиохирург дәрігер (рентгенхирург, интервенциялық хирург), II біліктілік санатты маман, 8 жылдық еңбек өтілі бар Нұрбаев Нұржан Қошқарұлы жүргізеді.
    Кейбір пациенттер медициналық көмекке жүгінген кезде аурудың IV сатысында болған және жалпы жағдайы күрделі болған. Жүргізілген ем нәтижесінде ісік көлемінің кішіреюі байқалып, пациенттердің жалпы жағдайында оң динамика тіркелді.
    Сонымен қатар, Онкологиялық орталықтың хирургиялық бөлімшесінде бүйрек ісіктеріне жоғары технологиялық лапароскопиялық операциялар жүргізіледі. Олардың қатарында лапароскопиялық нефрэктомия және бүйректің лапароскопиялық резекциясы бар.
    Лапароскопиялық хирургияның негізгі артықшылықтарына операциялық жарақаттың аз болуы, қан жоғалтудың төмендеуі, операциядан кейінгі ауырсыну синдромының азаюы, пациенттің тезірек қалпына келуі және қысқа мерзім ішінде қалыпты өмір салтына оралу мүмкіндігі жатады.
    Аталған операцияларды Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана директоры, жоғары санатты онкоуролог дәрігер, PhD докторы Курманов Талгат Аманжолович және хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, медицина магистрі, жоғары санатты онкоуролог Мугалбеков Шалқарбек Бакирович жүргізді.
    Операцияға дейін пациент қажетті клиникалық және аспаптық тексерулерден толық өтіп, бүйрек ісігінің диагнозы нақтыланды. Хирургиялық араласу сәтті аяқталып, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтуде.
    Қазіргі уақытта пациенттің жалпы жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінеді және оңалту шараларын жалғастыруда.
    Мамандардың айтуынша, заманауи эндоваскулярлық және лапароскопиялық технологияларды қолдану онкологиялық ауруларды емдеудің тиімділігін арттырып, күрделі жағдайдағы пациенттерге медициналық көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтеді.
    Шымкент қалалық көпбейінді ауруханасының Онкологиялық орталығында жоғары технологиялық медициналық көмекті одан әрі дамыту және онкологиялық аурулары бар пациенттерге заманауи емдеу әдістерінің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.