Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Руханият»AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ
Руханият

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

Түркістан облысында аграрлық саланы дамыту, мақта өсірудің тиімділігін арттыру және озық ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу мақсатында республикалық «Дала күні–2026» ғылыми-практикалық семинары өтті. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ұйымдастырған бұл ауқымды іс-шараға Түркия, Өзбекстан және қазақстандық жетекші ғалымдар, агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері мен сала мамандары қатысып, мақта өсірудің заманауи және озық технологияларын ортаға салды.
Халықаралық деңгейде өткен маңызды семинарда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғалымы, «Агроинженерия және технология» ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі, ҚР ҰАҒА академигі Б.Е. Қалымбетов арнайы баяндама жасап, өзінің инновациялық жобасын өңір жұртшылығы мен шетелдік әріптестеріне кеңінен таныстырды.
Академик Б.Е. Қалымбетов «Ғылым қоры» АҚ тарапынан ұйымдастырылған гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіп алған стратегиялық маңызы бар бастамасын көпшілік назарына ұсынды: • Жоба атауы: DP25997719 «Қолданыстағы мақта шитін түксіздендіру цехын технологиялық жаңғырту негізінде жоғары сапалы тұқым өндірудің серпінді технологиясын енгізу және мақта тұқымын өндірісін ұйымдастыру».
Бұл ғылыми жобаның отандық аграрлық сектор мен мақта кластері үшін берері өте мол. Аталған жаңа технология отандық мақта сорттарынан тұрақты әрі жоғары өнім алуға, сондай-ақ сапалы тұқым өндіру үдерісын заманауи халықаралық талаптарға сай түбегейлі жаңғыртуға жол ашады. Тұқымның өңделу сапасын арттыру арқылы өнімділікті ұлғайту, өндірістік шығындарды азайту және жергілікті шаруашылықтарды отандық жоғары сортты сапалы шикізатпен қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелер өз шешімін таппақ. Бұл өз кезегінде сыртқы импортқа тәуелділікті төмендетуге де оң септігін тигізеді.
Өңірде білім мен ғылымды, сонымен қатар ғылыми-зерттеу институттары мен нақты өндіріс орындарын тығыз байланыстырған Auezov University ғалымдарының бұл жетістігі — оңтүстік өңірінің ғана емес, бүкіл республикамыздың агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға қосылған сүбелі үлес болып табылады. Университет базасында әзірленген осындай инновациялық жобалар өңірлік ғылымды коммерцияландырудың және өндірісті сапалы жаңа деңгейге көтерудің айқын дәлелі. Ғалымдардың енгізген жаңалығы ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

МАЛАЙЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМЫ – ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ: ҒЫЛЫМИ ҚАЗЫНА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

11.09.2026

ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ АКТИВІ ТАҒЫ БІР PhD ДОКТОРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

11.09.2026

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы оқушылармен кездесті.

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚҚДИ ЗЕРТТЕУІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 86,7%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ

14.09.2026

ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

14.09.2026

AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

14.09.2026

РОБОТОТЕХНИКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

14.09.2026

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

13.09.2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БРИКС САММИТІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.