Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ: ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК
    Жаңалықтар

    ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ: ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК

    03.09.2026

    Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Қайрат Балабиев биыл алғашқы талапкерлерін қабылдаған Гази университеті филиалының жұмысын жандандыру және ғылыми-білім беру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Түркия республикасына арнайы іссапармен барды. Қазақстандық делегация құрамында сондай-ақ, ректор кеңесшісі Мұқаш Ескендіров, Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков бар.
    Іссапар барысында делегация Гази университетінің ректоры, профессор Угур Уналмен кездесті. Кездесуде Гази университеті мен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар Гази университеті филиалының қызметін халықаралық академиялық білім беру стандарттарына сәйкестендірумен қатар, ғылыми-зерттеу бағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейтуге басымдық берді. Атап айтқанда, ортақ ғылыми жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, зерттеу жұмыстарына профессор-оқытушылар құрамын тарту, докторантура бағытындағы академиялық байланыстарды дамыту жөнінде нақты шешімде. Сонымен қатар, тараптар екі оқу орнының ғалымдары мен зерттеушілері үшін ортақ зертханалық базаларды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін де қарастырды. Бұл бағытта біріккен ғылыми-зерттеу топтарын құру және заманауи технологиялар мен инновациялық әдістемелерді енгізу мәселелері сөз болды. Мұндай қадам қос университеттің де ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейдегі іргелі әрі қолданбалы жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.
    Арнайы іссапар аясында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиалық ұтқырлығын арттыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Келісім бойынша, екі елдің профессорлары дәріс оқып, тәжірибе алмасу үшін өзара сапарлайды. Ал магистратура мен докторантура білім алушыларына Гази университетінің жетекші ғалымдарының жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтуге және бірлескен зерттеулер жүргізуге жағдай жасалады.
    Кездесуде сөз болған маңызды бағыттардың бірі – қос дипломды білім беру бағдарламаларын енгізу және білім сапасын халықаралық аккредиттеу стандарттарына сәйкестендіру. Гази университеті филиалында білім алатын қазақстандық студенттерге түрік білім беру жүйесінің үздік тәжірибелері ұсынылып, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделіп отыр.
    Өз кезегінде Гази университетінің ректоры, профессор Угур Унал екі бауырлас ел арасындағы білім мен ғылым саласындағы байланыстардың стратегиялық маңызын атап өтті. Ол Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-мен серіктестікті өркендетуге және филиал жұмысын жан-жақты қолдауға дайын екенін білдірді. Түрік тарапы бірлескен жобаларды қаржыландыру мен ғылыми жарияланымдар сапасын көтеруде барлық қажетті көмекті көрсететінін жеткізді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.