Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
    Жаңалықтар

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Академиялық адалдық лигасының мүшелігіне қабылданды. Бұл – университеттің академиялық адалдық қағидаттарын нығайтуға, басқару жүйесіндегі ашықтықты қамтамасыз етуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарының нәтижесі.

    Университеттің бұл жетістігінде Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиевтің ұстанымы мен бастамаларының маңызы зор. Басшылық қызметіне кіріскен сәттен бастап ректор университет жұмысында ашықтықты, әділдікті, жауапкершілікті және талапшылдықты басты басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Басқару үдерістерінің ашық болуы, қабылданатын шешімдердің әділдігі және әрбір қызметкердің өз міндетіне жауапкершілікпен қарауы университет қызметінің негізгі талаптарына айналды.

    Ректордың осы бағыттағы нақты ұстанымы университет ұжымының академиялық мәдениетін жетілдіруге негіз болды. Ашықтықты талап ету – тек басқарушылық міндет қана емес, сонымен қатар университеттің барлық қызмет саласында сенім мен әділдік ортасын қалыптастыруға бағытталды. Академиялық адалдық лигасының мүшелігіне қабылдану – аталған ұстанымдардың институционалдық деңгейде нығая түскенін көрсетеді. Лига аясында академиялық адалдық стандарттарын сақтау, білім алушылардың білімін әділ бағалау, плагиаттың алдын алу, академиялық жауапкершілікті арттыру және озық тәжірибелермен алмасу бағытындағы жұмыстарды дамытуға мүмкіндік туады. Адалдыққа негізделген білім, ашықтыққа сүйенген басқару, әділдікке бағытталған даму – Жәнібеков университетінің ұстанымы.

    Университеттің бұл беделді ұйымға енуі болашақ педагогтардың кәсіби жауапкершілігі мен біліктілігін де жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Қазіргі таңда сапалы білім беру мен әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыру – заман талабы. Осы орайда, оқу орнында академиялық тазалық пен әдеп нормаларын берік ұстану білім алушылардың өзіндік ізденісін арттырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға тікелей ықпал етеді.

    Сонымен қатар, лига стандарттарын енгізу аясында университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарының ашықтығы қамтамасыз етіліп, студенттер мен жас ғалымдардың авторлық құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіледі. Білім беру үдерісін цифрландыру, антиплагиат жүйелерін тиімді қолдану және бағалау жүйесінің ашықтығын арттыру арқылы оқу орны өңірдегі ғылыми-академиялық ортаның көшбасшысы ретіндегі позициясын бекемдей түспек.

    Бұл маңызды қадам Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің тек өңірлік емес, республикалық деңгейдегі беделін де арттырады. Адалдық пен әділдікті ту еткен оқу орны алдағы уақытта да сапалы білім мен озық ғылымды ұштастыра отырып, еліміздің ағартушылық саласына елеулі үлес қоса бермек.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.