Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ
    Жаңалықтар

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    Қазіргі таңда сапалы білім беру жүйесін қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Осы орайда өңірдегі білім беру мекемелерін білікті де тәжірибелі педагог кадрлармен қамтамасыз ету, әсіресе мамандар тапшылығы байқалатын бағыттар бойынша қайта даярлау жүйесін жолға қою – стратегиялық маңызға ие. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде бұл бағыттағы педагогтік қайта даярлау курстары 2021 жылдан бері табысты жүзеге асырылып келеді.

    Аталған жоба басталған сәттен бастап осы уақытқа дейін 166 тыңдаушы курсты сәтті аяқтап, бүгінде өңіріміздің мектептері мен колледждерінде, білім беру ұйымдарында абыроймен еңбек етуде. Ал биылғы оқу жылында заманауи сұранысқа ие 11 білім беру траекториясы бойынша 42 тыңдаушы арнайы іріктеуден өтіп, оқуға қабылданды.

    Бағдарламаның негізгі мақсаты – базолық педагогикалық білімі жоқ, бірақ білім беру саласына бет бұрып, педагогтік қызметке алғаш рет кірісетін жоғары білімді тұлғаларды кәсіби тұрғыда қайта даярлау болып табылады. Курс барысында тыңдаушыларға заманауи оқыту әдістемелері, инклюзивті білім беру негіздері, цифрлық технологиялар мен педагогикалық психология модульдері тереңдетіліп меңгертіледі. Бұл өз кезегінде өңірдегі педагог кадрлар тапшылығын азайтуға және білім беру сапасын арттыруға тікелей үлес қосуда.

    Қазіргі уақытта тыңдаушылар оқу бағдарламасының ең маңызды бөлігі саналатын «Педагогикалық және кәсіби құзыреттілік» сонымен қатар «Педагогикалық шеберлік» модульдері бойынша теориялық оқудан өтіп, өзіндік ізденістерін кезекті емтихандар барысында сәтті дәлелдеп шықты.

    Оқу үдерісінің жоғары сапасын университеттің тәжірибелі ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етуде. Атап айтқанда, сабақтарды:

    • Заурет Қабылбекова – Жалпы педагогика және психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы;
    • Маржан Молдаханова – Жалпы педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы;
    • Элмира Мүсірепова – Математика кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD);
    • Салтанат Арыстанова – «Биология және география» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) жүргізеді.

    Білікті оқытушылар тыңдаушылардың фундаменталды теориялық білімін тереңдетіп қана қоймай, заманауи сабақ жоспарлау, білім алушылардың ынтасын арттыру және аудиториямен жұмыс істеу сияқты практико-бағдарланған дағдыларын шыңдауға басты басымдық береді.

    Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті алдағы уақытта да педагог кадрлардың кәсіби әлеуетін арттыруға, үздіксіз білім беру идеясын ілгерілетуге және өңірдің білім беру саласын жүйелі дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстарын үздіксіз жалғастыра береді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.