Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Республика күні қарсаңында ұландық 2000-шы рет жауынгерлік қызметке шықты.
    Жаңалықтар

    Республика күні қарсаңында ұландық 2000-шы рет жауынгерлік қызметке шықты.

    21.10.2026

    Ұлттық мереке алдында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 3650 әскери бөлімінің аға сержанты Бекнар Жылқышпаев 2000-шы рет жауынгерлік қызметке түсті. Ол маңызды мемлекеттік нысандарды күзететін бөлімде 20 жылға жуық уақыт бойы абыроймен қызмет етіп келеді.

    Аға сержант Жылқышпаев әскери жолын қатардағы жауынгер болып бастаған. Жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында бүгінде қарауыл бастығы қызметін атқарады.

    Оның күнделікті міндеті – маңызды нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қарауыл қызметінің талапқа сай орындалуын қадағалау.

    Әскери қызметке жауапкершілікпен қарайтын аға сержант алты баланың әкесі. Қарасаз ауылының тумасы өлең жазып, ән айтуды да жанына серік еткен.

    Айта кетейік, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері патрульдік және қарауылдық қызметпен қатар, мемлекеттік маңызды нысандарды күзетуге де жұмылдыралады.

    Ұландықтың мереке қарсаңындағы мерейлі жауынгерлік кезекшілігі – ел тыныштығын күзету жолында атқарған көп жылғы қызметтің елеулі көрсеткіші.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    «ҚУАТБЕКОВ ОҚУЛАРЫ – 2026»: ҒЫЛЫМИ МҰРА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНІҢ ҮНДЕСТІГІ

    27.11.2026

    ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК ҚҰТТЫ БОЛСЫН: ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ PhD ДӘРЕЖЕСІН АЛДЫ

    27.11.2026

    ZHANIBEKOV UNIVERSITY ӨКІЛІ ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ERASMUS+ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

    27.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    «ҚУАТБЕКОВ ОҚУЛАРЫ – 2026»: ҒЫЛЫМИ МҰРА МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНІҢ ҮНДЕСТІГІ

    27.11.2026

    ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК ҚҰТТЫ БОЛСЫН: ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ PhD ДӘРЕЖЕСІН АЛДЫ

    27.11.2026

    ZHANIBEKOV UNIVERSITY ӨКІЛІ ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ERASMUS+ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

    27.11.2026

    «ҰЛЫ МӨР» ТУРАЛЫ АУТЕНТИВТІ БЕЙНЕМАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ СЕМИНАР САБАҒЫ

    27.11.2026

    27.11.2026

    Оңтүстік ұландары инспекторлық тексерістен өтуде

    27.11.2026

    ҰСТАЗ ЕҢБЕГІН ҚҰРМЕТТЕУ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

    27.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ ЕЛДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

    26.11.2026

    Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

    26.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.